///

Айбар Олжай: Марк Цукерберг Қазақстанға 3 миллиард теңге салық төледі

1365 рет қаралды
MOUNTAIN VIEW, CALIFORNIA - NOVEMBER 03: (L-R) Priscilla Chan and Mark Zuckerberg attend the 2020 Breakthrough Prize Red Carpet at NASA Ames Research Center on November 03, 2019 in Mountain View, California. (Photo by Ian Tuttle/Getty Images for Breakthrough Prize )
2022 жылдың қортындысы бойынша ғаламдық IT алпауыттар Қазақстан бюджетіне салық ретінде 13,3 миллиард теңге төледі. Оның 3 миллиардын Meta Platforms Ireland Limited берді. Метаға Фейсбук пен Инстаграм кіреді. Оның ішінде негізгі табысты Инстаграм әкеліп отыр. Себебі, бізде орта және шағын бизнес Инстаграм жарнамасын көбірек таргеттейді.
Гугл Ютуб желісінен тапқан табысымен бөліссе, Apple Spotify мен AppStore-ден келген табыстан салық аударған. Жалпы, біздің бюджетке 45 шетелдік IT-платформа салық төлеп отыр.
Сарапшылар, Цукерберг және оның Силикон алқабындағы әріптестерінен бізге түсетін салық көлемі жыл сайын 12-15 пайызға артып отырады дейді. Онда 2025 жылдары олардан түсетін кіріс 20 миллиард теңгеден асып жығылуы тиіс. Сонда бұл біздегі табиғи қазбаларды асап жеп жатқан “Ескі Қазақстандық” біраз компанияның салығынан да көп.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар