Мына бір көшеде,
кеудеңді керіп,
көкке танау мен төсіңді беріп,
алшайып тұрғаның,
Артыңда жүргеннің,
Мырсиып күлгеннің
Сияқты сылқита енесінен ұрғаның,
Қазақтың қаны үшін,
Қара өлең жаны үшін
Болған құрбаным!
Алшаю төріңде
Саған жарасар,
Өйткені ешкім жоқ өзіңе пара-пар!
Ертеңді бұрылтып,
Артына қаратар
Қара өлең киелі,
Сүйеді Далаң кең,
Бірақ та, тұрақ па?
Ақынға қала тар.
Артыңда жүргендер,
Арт жағын бүргендер,
Кәдімгі бұралқы.
Білінбей үргені,
Баянсыз сүргені
Байқаттар құралпы.
Тұрғаның, алшайып,
Батырдай талтайып,
Далдада біреулер қалыпты қалқайып…
Сүйсіндім шіркіннің иіні өріне,
Ойлының от құяр
Жарасып тұлғасы қазақтың төріне.
Қарашы бәріңде тым бөлек модасы,
Мен дейді, мына асфальт, мына жер
Қожасы!
05.08.2011ж.
Парақшамызға жазылыңыз
Аман жүріңіз! Сіздер қазақ сирек. Бәріміз бірге болайық!