Ақпанның 8-інде Алматы мен Астана қалаларында баспасөз мәслихатын өткізген журналистік қауымдастық өкілдері былтыр жаздан бері талқыланып келе жатқан “Масс медиа” туралы заң жобасының қабылдануына қарсылық білдірді.
Солардың бірі Factcheck сайтының бас редакторы Думан Смақов жұмыс тобында қатысып жатқан журналистік қауымдастықтың пікірі еленбегенін айтып, Министрлік өздерін массовкаға пайдаланып келді деп наразылық білдірді.
Парақшамызға жазылыңыз