Мақсат теңізді көру..
Баяғыда бір досымның Марина деген тоқалы болатын.
Содан бері теңіз дегеннің ағылшыншасы “Марина” екенін білемін.
“Марина-марина” деп сұрастырып жүріп, екеумізге 20 дирһәм төлеп, Дубай-Марина деген жеріне барып қайттық…
Керемет екен…
Дубай-Маринада қазақ, өзбек, қырғыз, тіпті орысша сөйлеген жан жоқ..
Кеше көшіп келген қазақтың бәрі дүкен аралап кетсе керек..
Ұшар басына көз жетпейтін ғимараттар, катерлер..
Су жағалай ашық аспан астындағы кафелер..
Көше, жағалаудағы жолдар – тап-таза…
Оның бәрін тамашалап болған соң, айналадағы адамдарға көз салдым..
Қай елден болғанына, нәсіліне қарамастан Дубай-Маринада жүрген қыз-келіншектің бәрі маған реңді көрінді
Мүмкін саяхаттауға қаражаты жетерлік адамдардың жүздеріндегі бақытты көрген шығармын?!
Айтпақшы, бүгін филиппин қыздары бізге біраз қызмет көрсетті..
Дубай-Маринада бізді фотоға түсірген қыз да филиппин екен..
Қайтарда әлгі «33» деген жазуы бар ғимаратқа қалай жетеміз деп жөн сұраған қыз да филиппин екен..
Екеуі де Касакистан дегеніме елеңдеп қалды.
Тіпті метродағы филиппин қызы “Әсербайчан, Казакистан- әсербайчан” дегенді бірнеше рет қайталағанына қарап, дәуде болса бір әзірбайжан жігіт мұның жүрегінде із қалдырған-ау деп топшыладым
Автомобиль жолдарының ортасындағы метро жолының бағандарына көзім түскен сайын, Астанадағы ЛРТ бағандары есіме түсіп, іштей өзіміздің жемқорларға бір кіжініп аламын..
Көлік көп…
Бірақ, бірдеңе жетіспейтінін сезіп жүр едім..
Сөйтсем, көлік көп болса да кептеліс жоқ екен..
Жетіспей тұрғаны сол екен, маған
МЕН КӨРГЕН «33» МЕТРО СТАНСАСЫНЫҢ НӨМІРІ ЕКЕН
Кеше «33» деген көзге ыстық көрінетін жазуы бар ғимарат көрдім дедім ғой..
Бұл не болды екен? – деп ішіне сүңгіп кеткенбіз..
2001-2003 жылдары “Қазтрансгаз” мекемесінде слесарь болдым ғой..
Жұмысымыз көше аралап, үйлердің газ есептегіштерін тексеру.
Төлемеген, газ ұрлаған үйлердің газ құбырын кесу..
Изәт деген жігіт істеді..
Сол Изәт бір күні Бакалейторг жақтағы бір үйдің қақпасынан “Ақбидай – 22” деген жазу көреді..
Саудаға жақын ұлттың баласы – бидай сататын үй екен ғой деп топшылайды.
Келесі үйге барса, “Ақбидай – 21” деген жазу көреді, қақпадан..
“Қошнысына конкурент, әнәңді… бұғдайды арзандатыпты” деп бір жымиып, келесі үйге барса, “Ақбидай – 20”, одан кейінгісі “Ақбидай – 19” солай кете береді..
“Әнәңді, шұндақа жесткий конкуренция екен-дүр” деп, басын қатырып жүргенде “Ақбидай – 12” дегенге жетеді..
– Базарда бұғдайдың киләсі 15 теңге болса, бұлар қалайша 12 теңгеден сатады? – деп басын қатырып, келесі үйге кіргенде газ есептегішті ұмытып, үй иесінен бидайдың бағасын сұрайды..
– Қандай бидай?
Бидай жоқ. Жалпы, біз ештеңе сатпаймыз!
– Қақпада “Ақбидай – 11” деп жазулы тұр ғой.. дейді Изәт..
– Ой, ол үйдің нөмірі ғой.. дегенде барып, мән-жайды түсінеді..
Cол секілді, “33” нөмірлі үйіміз метро станциясы екен.
ДУБАЙДЫ ГИДСІЗ-АҚ АРАЛАП ШЫҒУҒА БОЛАДЫ ЕКЕН
Қысқасы, басың аздап қақса, Дубайды гидсіз-ақ аралап шығуға болады екен..
Қазақ шейхінің бәйбішесі екеуміз метроға бар болғаны 28 дирхәм төлеп, Дубай-Молл мен Бұржа-Қалипа жағына барып қайттық..
Бастысы, өзің мінген метро аялдамасының номерін немесе атауын ұмытпасаң болды.
Мәселен, біз жатқан отельдің маңындағы аялдама N:33 Әл-Машырық (Машайық емес ).
Кеше біз барған Дубай-Марина маңындағы аялдама номері ұмытпасам N:38 еді..
Бүгін кері бағытқа жүрдік. Бұржа-Қалипа маңындағы Дубай-Молл аялдамасы N:25 екен…
Дубай-Моллдан метросына шығар жерде мені көрген бір шай сататын дүкенші “Казакистан чай” деп қояды.
Менің қазақ екенімді қалай біліп қойды деп үстіме қарап қоям..
(жалғасы бар. Басы мына сілтемеде)
Парақшамызға жазылыңыз