////

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау орталығының тағы бір бөлімшесі ашылды

1241 рет қаралды

2022 жылдың 16 наурызында Алматы қаласы, Алатау ауданы, Талдыарал 13, мекежайында «Ten Qogam» мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау орталығы ашылды.

Қазір қалада жеті филиал бар, Бостандық ауданы, Жетісу ауданы, Әуезов ауданы, Медеу және Алатау аудандарында орналасқан. Алдағы уақытта «Ten Qogam» қаланың барлық аудандарында нақты айтар болсақ Түрксіб және Алмалы аудандарында бөлімшесін ашу жоспарлануда.

Бөлімшенің ашылуына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нүсіпова келіп қатысып, сөз сөйледі:

“Бүгінде Алматыда 56 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Олардың басым көпшілігі психологиялық және құқықтық қолдауды қажет етеді, сондай-ақ күнделікті, әлеуметтік және қаржылық дағдыларды үйренуге мұқтаж. Сондықтан барынша қамту және қолжетімді ету үшін біз орталықтардың санын кеңейтіп жатырмыз. Орталықтар барлығына бірдей мүмкіндіктер жасауға бағытталғанын ескертемін. Мұнда 16 жастан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар өтініш бере алады. Өтініш берген кезде жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Осының барлығы азаматтарды бейімдеу үшін және олардың қоғамда қолайлы әлеуметтенуі үшін жасалынып жатқан жұмыс», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы.

Орталықтың PR-менеджері Перизат Нұрсейттен орталық туралы ақпарат сұраған едік:

Біріншіден орталығымыз мүмкіндігі шектеулі жандарға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету.

Екіншіден өз құқықтарын қорғай алмаған жандарды заңдық тұрғыдан көмек көрсету.

Үшіншіден қоғам мүмкіндігі шектеулі жандарды толық қабылдай алмайды, сондықтан оларды ортаға бейімдейміз.

Төртіншіден әркімнің қажеттілігіне қарай тіл курстарын өткіземіз.

Бесіншіден, қазіргі заман талабы болған SMM мамандығы, мобилография мамандығы, бизнес бастау курстары үйретіледі.

Алтыншыдан дайындықтан өткен тұлғаларды біліміне, бейіміне қарай жұмыс орындарын табуға көмектесеміз” – деп орталықтың жоспарлап отырған жұмыстары жайында бөлісті.

Орталықтың ашылуына «Азамат әлеуеті» жеке қайрымдылық қорының президенті Алмагүл Дәулетқазықызы мен Азамат Тажмурат, «Қорқыт» қоғамдық қорының президенті Дана Ордабекқызы, Алматы технология және флористика колледжінің өкілдері қатысты.

Ерзат Мусират,

Алматы қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар