Сан ғасырлық қилы заманды басынан өткерген Қазақ халқы, әлемнің түкпір-түкпіріне тарады. Арғысы Гималай асып кетіп жатса, бергісі көрші елдерге көшіп кетті, сол елдердің бірі шығысымызда орналасқан Қытай халық республикасы, бұл елде тұратын 2 миллионға жуық қандастарымыз, бір бөлігі ертеде «судың басын алсаң, жер сенікі» деп Ертіс өзенін бойлай үдере көшкен елдің ұрпағы болса, тағы бір бөлігі ақ патшаның зұлым саясатынан, қызылдардың бай мен білімдінің тұқымын қалдырмай жою мақсатында жүргізген саясатынан өз басын, ұрпағын аман алып қалу үшін қоныс аударған аталарымыздың ұрпақтары.
Салт пен дәстүрдің ұлағатты ұрпақ барда жойылмасы, жаңғырып жетіліп отырары анық. Менің де бүгін айтпақшы болып отырған тақырыбым сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан наурыз тойлау салты болмақ.
Қазіргі таңда Қазақ киіз үймен, ру-рулы ел болып қоныстанып отырған жоқ, жұмыс бабымен, басқа да себептермен аралас қоныстанып отыр. Көшеге асфальт төселген, атты көлік емес, автокөлітермен жүреді. Бұрынғыдай атын белдеуге байлап, қамшысын қолына ұстап отырмаса да салтынан жаңылмаған Қытай Қазақтарының наурыз мейрамын тойлаудағы қатаң қалыптасқан мына ережелері жүректі елжіретті.
Наурыз жыл басы деп саналатын болғандықтан, осы жылда молшылық болсын деп, Әуелi әрбiр үй наурызкөже жасайды. Халықтық дәстүрге сай бидай, тары, ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жетi түрлi дәмдi араластырып жасалған көжеге тақ санын сақтап, әркiм өз жағдайына қарай дәндi тағам түрiн көбейте бередi. Наурызкөженi әр аймақ өз ауанына қарай «тiлеукөже», «көпкөже», «наурызкөже» деп те атайды. Ауылда наурыз айы жақындаған сайын әрбiр отбасы көже жасауды мiндетiм деп санайды.
Еске алсаң ескі асыңнан сақта деп соғымнан алыстағы ағайын наурыз мейрамында арнаулы келетін болғандықтан әркімнің туыстық қатынасына қарай етті сүрлеп, кәделі жіліктерін сақтап отырған. Үйіне алыстан келген ағайынға наурыз мейрамында арнаулы мал соймаған, себебі жыл басы, мал төлдейтін уақыт болғандықтан қан шығару мал төлдеуге кері әсері болады деп есептеген.
Жаңа жылда жаңару керек деген балалардың идеясы болғанымен, үлкен маңызға ие, ат-ана ұлттық мейрамды ұрпақ бойына сіңіру үшін, бала әр жылғы наурызды асыға күтіп ұмытпас үшін наурыз мейрамын тойлардан бұрын балаларға сыйлық жасайды, жаңа киімдер алып береді. (кей Қазақ балаларының аяз атаны асыға күткенінің керісі екен)
Ұлттық мейрам ұлттық киіммен әдемі деген идеямен жеті жасар баладан, жетпістегі кәріге дейін мейрам тойланған күндері ұлттық нақыштағы бас киім, сырт киімдерін киіп, үй-үйді аралап, наурыз көже ішіп, көшедегі ойын – сауықтық бағдарламаларға қатысады.
Жаңа жылда жаңарған қазан. Бұл өңірде орналасқан қазақтардың бір ерекшелігі қысқы маусымда жақсы құрылыс материалдан салынған, жылы да, жайлы үйлерде тұрса, наурыз айы келгеннен бастап, жазғы, салқын, кең үйлерге көшіп отарады, бұл әдетті де жыл басымен байланыстырып, көшкен күні қазан толы ет асып, жаңарған қазан деп атаған. (жазғы үй де, қысқы үй де бір аулада орналасқан)
Ағаш егу салт еді, онымен бірге ұрпағың да өнеді. Наурыз мейрамы келіп, жер жібіп, көк шыға бастаған уақытта, ауыл болып ағаш егеді, оған себеп көктеген шөп пен талды қимай, қайта ексең сенің ұрпағыңда жас шыбықтай көктейді деген наным болса керек. (кей қазақтың шырша кесіп үйіне әкелгеннің керісі екен)
Бұл өңірдегі Қазақтың кісі қызығарлықтай салт-дастүрі өте көп.
Ерзат Мұсират
Алматы
2023 жыл
Парақшамызға жазылыңыз