///

Ұлттық киімді ұлықтаған ұл-қыздар

2045 рет қаралды

Орал қаласындағы Х. Доспанова атындағы мектеп оқушылары 2018 жылдан бері қарай наурыз айында ұлттық киіммен жүреді. Мектептің негізгі формасын сақтай отырып, ұлттық кәжекей, жейде кию дәстүрі оқушылар арасында қолдауға ие болған.

«Мектебімізде 2000-нан астам оқушы бар. Ұлттық киімді алғаш рет 2018 жылы кие бастадық. Кейін қолдаушылар қатары көбейді. Ал биыл ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тауып, сыныптар бірігіп, бірдей үлгідегі киім тіктіріп киіп жатыр. Ұстаздарымыз да әдемі шапан, камзолдармен жүреді», – дейді мектеп директорының орынбасары Жанна Ғабдықызы.

Мектеп ұжымының бастамасын қуана қабылдаған ата-ананың бірі Бибіжан Жирентаева. Бұл мектепте оның екі баласы оқиды. Айтуынша, балаларға бұл қызықты әрі ұнап жүр. «Бұл тек Наурызда ғана емес, жыл бойы киетін форманың үлгісіне айналса да артық етпейді» дейді ол.

Біз ақпан айында әлеуметтік желіде осы бағытта бастама көтергенбіз, сол кезде байқағанымыз өңіріміздің көптеген мектептерінде Наурыз айынан бастап ұлттық киімде жүру үрдіске айналған екен.

Ақмоншақ Мақсотқызы,
БҚО, Орал қаласы,

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар