Қазақстанды Қазақ Советтік Социалистік Республикасы болып тұрған заманда, яғни сәбет билігі кезінде 21 адам басқарған екен. Солардың үшеуі ғана қазақ болыпты. Олар Жұмабай Шаяхметов, Дінмұхаммед Қонаев және Нұрсұлтан Назарбаев.
Саясат қаншама құбылмалы болғанымен, уақыт жүлгесінде ақиқатты жойып жібере алмайды. Демек, Шаяхмет тағдырының көлегейленіп көмескі тартып қалуының саяси астары болса да оны тарих бетінен мүлдемге сызып, уақыт пен кеңістіктен алып тастай алмайтынымыз шындық еді. Оның өмірінің шындығының шектелуінің өзі оның қазақ тарихындағы аса қасыретті жылдарда жоғары басшылық қызметінде болғандығы әсер етсе керек.