//

Алаш арысы Халел Досмұхамедті еске алды

1494 рет қаралды

2023 жылы 29 сәуір күні  Алматыдан 40 шақырым жердегі «Жаңалық» ауылында Алматы облысының Мәдениет, архив және құжаттама басқармасына қарасты «Алматы облысының музейлер бірлестігі», МКҚК филиалы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінің ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының қайраткері, мамандығы дәрігер бола тұра қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын, саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы Халел Досмұхамедұлының (24.04.1883-1939жж) 140 жылдығына орай «Ғибратты ғалым – Халел» атты дөңгелек үстел өтті.

 Елімізде  ауыл көп қой. Алайда «Жаңалықтың» басқа ауылдардан орыны ерекше. Өйткені мұнда 1937-1938 жылдарда Алматы қаласында атылған саяси құрбандардың алтын тәнінің тасталған жері. Ал бүгінгі ұрпақ үшін Тәу етер қасиетті Топырақ!  Мұнда  бұл күнде өткеннің өкінішті де қасыретті тарихынан сыр шертер «Саяси қуғын-сүрін құрбандарына» арналған ескерткіш-кешен, музей және «Алаш арыстары» мешіті бар.

Бұл шараға Алматыдан «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Әнес бастаған ғалымдар – Бейбіт Қойшыбаев, Аманқос Мектеп, Жауғашты Ахметов, Талдыбек Нұрпейісов, Нариман Жалғасов, ақын Мырзан Кенжебай, Жұмаш Көкбөрі,  Бақытбек Бәмішұлы, журналист Әмірхан Меңдеке, Құтмағанбет Қонысбай, жергілікті әкімшілік өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.

 Профессор Ғарифолла Әнес «Пассионер тұлға» атты дәріс-лекция оқып, әр саланың ғалымдары Халел Досмұхамедовтің  өз мамандықтарына қатысты еңбектеріне, қайраткерлігіне тоқталды. Күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтайдың «Тұран» және «Кенесары хан» атты күйлерінің автордың өз орындауында тұсауы кесілді.

  Іс-шара соңында Жаңалық ауылындағы «Алаш Арыстары» мешітінде құрбандарға құран бағышталып, Халел Досмұхамед рухына Ас берілді.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар