Сәуірдің 1-інде Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінде “Халықтық парламент” қоғамдық ұйымының алғашқы отырысы болды. Жиынға Наурыздың 19-ында өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлау науқанына наразы біраз адам қатысты.
Олардың арасында депутаттыққа үміткер болғандардың қарасы басым болды. Осы жиынға келіп арнайы сөйлеген бұрынғы депутат, қоғам белсендісі Нұржан Әлтаев Қазақстандағы стратегиялық объектілердің Ресейге беріліп жатқанын айта отырып, бұның болашақта Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіруі әбден мүмкін екендігін ескертті. Толығырақ видеода:
Парақшамызға жазылыңыз