///

Пропаганданың фейктің бір түрі екенін білмейтін журналистер өте көп

1366 рет қаралды

Алматыдағы Holiday Inn Express қонақ үйінде Сәуірдің 21-22 күндері “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен  өткен “Журналистиканың негізгі машықтары: Тереңдетілген деңгей» атты тренингінде қатысушылар “Ақпаратқа қол жеткізу және ашық ресурстар (OSINT)” тақырыбында, белгілі журналистер Factcheck ресурсының бас редакторы Думан Смақов пен аталған ресурстың қызметкері Жансерік Тілеуханның дәрісін тыңдады.

Думан Смақовтың айтуынша, қазіргідей құбылған заманда адамдарды адастыру үшін қолданылатын фейктің түрлері өте көп. Оның ішінде, пропаганда мен манипуляцияның барын бірі білсе, бірі білмейді. Сол себепті де, журналистерге мұндай тренингтердің маңызы зор болмақ. Өйткені журналистер ақпарат тасқынынан халыққа қажетті ақпаратты сұрыптап беретін, қоғамның бағдаршысы іспетті. Ал сол журналистердің өзі фейкті ажырата алмай жатса, бұл жағдайдың қиындығынан хабар берсе керек.

Ал, Думан конспирология мен жалған ақпараттың табиғатын түсініп, оларды ажыратудың жолдарын көрсетсе, Жансерік Тілеухан фактчекинг құралдарымен таныстырды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар