Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда. Бірақ кәсібіңді игеретін білім ордасын, жоғары оқу орнын таңдау да аса ұқыптылықты қажет етеді.
2023 жылғы оқу жылының аяқталуы күн санап жақындай түсуде. ЖОО-ны әлдеқашан таңдап қойған түлектер еліміздің Оңтүстік, Орталық, Батыс өңірлеріндегі жетекші оқу орнына ниеттеніп отыр. Дегенмен мектеп бітірушілердің арасында шешім қабылдамаған шәкірттер саны жетіп артылады. Нұсқаулар мен ұсыныстарды ескере отырып, түлектердің университетті алдын-ала таңдап қойғаны абзал. Қазіргі жаңартулардың арқасында болашақ студенттерде 1 емес, 4 мүмкіндік бар. Яғни 4 түрлі мамандық пен 4 түрлі ЖОО-ға өтінім бере алады.
Таңдаудан тарылған оқушыларға қайтпек керек? Мектептен кейінгі білім ордасын қалай таңдаған жөн?
Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін толығырақ бейнематериалдан көріңіздер.
Альбина Булатова,
Батыс Қазақстан облысы
Парақшамызға жазылыңыз