Алматыда «Зуқа батыр» атты жаңа кітап баспадан шықты. Кітаптың авторы Сағдолла Нұралыұлы. Кітап жаңадан құрылған «Mäŋgitas» Алаш руханиятын қолдау қоры жағынан «Bilge» баспасынан басылып шықты. Кітаптың тұсаукесері Алматыдағы №4 қалалық кітапханада өтті.
Сағдолла Нұралыұлы 1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шолақбұлақ ауылында дүниеге келген атасы ауқатты, діндар адам болғандықтан көзқрасы қызыл үкіметтің саясатына қайшы келіп, отбасы мүшелері толықтай қысымға, қудалауға ұшырай бастайды.
1926 жылы 17 жасында бас амандығы, ұрпақ қамы үшін амалсыздан шекара асып, Қытайға өтеді. Онда барғаннан кейін білікті де білімді Сағдолла Нұралыұлы «Үш аймақ» үкіметінде, «Гоминдаң» үкіметінде, сондай – ақ кейінгі құрылған Қытай коммунистік үкіметінде де ұлт үшін аянбай қызмет етіп, лауазымды қызметтерді атқарды. 1958 жылы туған еліне, туған жеріне қайтуды дұрыс деп санап, Қазақ ССР-ға оралады.
Қытайда жүргенде шығармашылығын бастап, көптеген дастандар мен поэмаларды жарыққа шығарып, қазақ әдебиетіне орасан зор байлық әкеледі, 2014 жылы мемлекеттік деңгейде шығармалары зерттеліп, Шынжаң халық баспасынан жинақ болып шығарылып, кең көлемде таратылды. Қазіргі таңда бұл жинақ Бейжің қаласында орналасқан Орталық кітапхана қорында сақталған, жалпы оқырманға қол жетімді.
Ал осы жолғы Алматыда басылып шыққан «Зуқа батыр» кітабы сол жинақтың 1 бөлігі, яғни Қытайда ұлт азаттық жолында күрескен күрескер Зуқа батырдың ерлігі мен рухы туралы жырланады.
Тұсау кесер кешіне қазақ әдебиетінің нар тұлғаларымен қатар енді қадам басқан жас әдебиетшілермен қатар автордың ұрпақтары да қатысты.
Кеш соңында атаның ұрпақтары, №4 кітапхана мен ғылым ордасының сирек кездесетін қолжазбалар мұрағатына «Зуқа батыр» кітабын сыйға тартты.
Мұсират Ерзат
Алматы
Парақшамызға жазылыңыз
Құттықтаймын, келелі іс.
87070213767 осы номерге хабарласып тапсырыс беруге болады.