Alma city тұрғыны Qazaq Stroy компаниясының атқарушы директоры, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлының атына Үндеу жариялады. Айтуынша, компания бұл үйлерді тұрғызғанда, мүгедектігі бар жандардың құқы туралы мүлдем ұмытып кеткен.
Көп қабатты тұрғын үйдің ешқандай бөлігінде арбадағы жандарға арналған арнайы жол салынбаған. Осы үйдің тұрғыны Гүлжан Қажынова бұл үйден үлескер ретінде пәтер алғандығын айтады. Көп қабатты пәтерді салушы компания арбада отырған адамдар үшін барлық жағдай жасалған деп уәде берген. Алайда, өкінішке қарай, үйде ешқандай пандустар салынбаған.
Qazaq Stroy компаниясының басшылығы тұрғындардың наразылығынан кейін, Alma city 6/7 мекенжайындағы үйлерге пандус салған екен. Алайда, бұл пандустар мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігін ескермеген. Салынған пандустарды түсіру үшін, арнайы қол күші керек. Үш жерден ілгектен бекітілген пандусты түсіру үшін кемінде, дені сау екі адамның көмегі қажет. Бұл пандустар кіріп-шығуға ыңғайсыз ғана емес, сонымен бірге қауіпті.
Айдана Маман
Ужас қой мынау деген, инввлидтерге неге мүмкіндік жасалмаған?