///

Елімізде 190 мыңдай бала ерекше білімді қажет етеді. Ал мектептердің 80%-ы инклюзивті білім беруге дайын

3085 рет қаралды
1

“Мінбер” ақпарат агенттігінің “Мүгедектігі бар тұлғалардың мұңы” атты жобаның аясындағы кезекті эфир инклюзивті білім беру мәселелеріне арналды.  Эфир қонағы Купаев Алмасбек Еділбайұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Инклюзивті білім беру басқармасының бас сарапшысы

– Орта білім беруде Инклюзивті білім беру процесі қалай жүзеге асырылады? Бұл тұрғыда қандай мәселелер бар? Маман тапшылығы ма, ерекше балаларға білім беруге қажет құрал-жабдық тапшылығы ма, оқу құралдарының жетіспеушілігі ме?

– Шақырғандарыңызға рақмет. Министрлік тарапынан инклюзивті білім беруге байланысты, қазір үлкен ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Инклюзивті білім беру бұл жіті назарды талап ететін үлкен білім беру процесі.

Бұл жерде біздің алғашқы мәселеміз ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы мектепке, жалпы қоғамға біріктіру болып табылады, негізгі миссиямыз. Енді қазіргі таңда біздің республикамызда 180-190- мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін  балалар бар. Олардың мектепке кіріп тұру бағытында мектептердегі психологиялық педагогикалық сүйемелдеу қызметі жұмыс атқарады. Және де осы сүйемелдеу қызметі арқылы біз балалардың ерекшеліктерін қажеттіліктерін бағалау арқылы балалардың оқу бағдарламаларын ерекшеліктеріне бейімдеп, әзірлеп, балаларымызды мектепке, мектеп партасына отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Енді бұл жерде қандай мәселелер болды дегенде әрине, бұл үлкен оқу процесі болғандықтан жалпы білім беру мектеріндегі педагогтардың құзыреттілігінің төмендігін айта кеткім келеді. Бірақ барлық жерде емес, кейбір өңірлерде.  Бұлай деуіме себеп, ата аналардан келіп жатқан өтініштер. Ал құрал жабдықтар тапшылығына байланысты, мұндай мәселе жоқ.

– Инклюзивті білім беретін қанша мектеп бар?

Бізде арнайы деректер қоры бар, сонда барлық деректер бар. Қазіргі уақытта сол НОБДның деректеріне сенсек, 7500  жалпы білім беру ұйымы бар. Соның ішінде 5500 астам жалпы білім беру ұйымдары инклюзивті білім береді. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім алуына арнайы жасалған мектептер үлгісі. Олар қазіргі уақытта жалпы мектептер санының 80% құрайды.

– Инклюзивті білім беруде мұғалімдерге қойылатын талап та ерекше болуы керек. Бұл тұрғыда қандай істер атқарылып жатыр? Мәселен, кез-келген жалпы білім беретін мектептің мұғалімі жест тілін біле қоймайды.

– Иә, бұл сұраққа да бір тоқталып өту керек. Біріншіден, инклюзивті білім беретін мұғалімдердің басым көпшілігін арнайы мамандар деп атаймыз. Арнайы маман болғандықтан олардың білу керек әдіс тәсілдері де бөлек. Олардың қолданатын тәсілдері балалардың ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Ал инклюзивті білім беруде кәдімгі біздің педагогтер де сабақ береді, иә. Сол орайда біздің министрліктің ұлттық практикалық түзету орталығы бар. Сол жерде біз осындай білім беру орталықтарының біліктілігін арттыру курстарын өткізіп отырамыз. Олар жылына 350-400-ге жуық педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстарын өткізіп отырады. Сонымен қатар Өрлеу орталықтары да педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын, тренингтер өткізеді. Ал жест тіліне байланысты, бұл жерде ұлттық орталықтар Е ымдау деген девайс бар. Осындай программа ойлап табылған. Бұл жерде осы педагогтарға жест бойынша ымдау тілі қолжетімді. Бұл ізденімпаз, жаңашыл педагогтарға арналған.

Тағы қоса айта кететін жайт, тек қана ымдау тілін меңгеріп қана қоймай, балаларға инклюзивті қоғам құру бағытында жұмыс жасауымыз керек. Өйткені құлақтары нашар еститін балалар, естімейтін балалар тек қана мектеп қабырғасында ғана емес қой, олар басқа да ұйымдарға барады, көшеде жүреді, сол себепті осындай  ым ишара тілін бүкіл қоғам болып меңгеруге шақырамын.

Жаңағы девайс Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми практикалық орталығының мамандарының ойлап тапқан әліпби сияқты әдістемелігі.

– Инклюзивті мектеп болу үшін мекеме қандай талаптарға сәйкес болу керек? Және инклюзивті атану ниеті (бастамасы) мекеме басшысынан бола ма?

– Кез келген мектеп ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы қабылдау керек. Бұл заң тұрғысында да, бұйрықтарда да, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының басшыларына жүктелген. Бұл жерде біз баланың құқығын қорғауымыз керек. Бала кез келген білім беру ұйымына барып, білімді қолжетімді етіп, сол жерден білімді алу керек. Сол себепті бүкіл жаппай білім беру ұйымдары осы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қабылдауға, олардың білім алуына жағдайлардың барлығын жасау, яғни, кедергісіз аймақ болсын, арнайы педагогтардың болуы, іште тұтқалардың болуы, және де осы арнайы бағдарламалардың, оқулықтардың болуы яғни барлық жағдайды мектеп жасау керек. Яғни белгілі бір талап жоқ инклюзивті мектеп болу үшін деген, керісінше, барлық мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын болу керек.

– Сіз ертерек айтып өткендей, еліміздің 80% мектептері инклюзивті білім беруге дайын, яғни жабдықталған, сонда 20%ның ондай қажеттілігі жоқ па?

–  Бұл жерде мынадай бағыттарда қарау керек. Мен басында айтып өткендей бізде 188144 ерекше қажеттіліктері бар бала бар. Барлық мектепте ондай бала жоқ. Және де алдағы уақытта сонда да жағдай жасау керек. Бұл кезең кезеңімен жүргізіліп жатқан процесс. Және біздің министрліктің 2023-2029 жылдарға арналған білім беру тұжырымдамасы осы жақында ғана Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Сол жерде 2026 жылға дейін біздің барлық мектептер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қамтуға жағдай жасау керек. Яғни сол уақытқа дейін мектептердің 100% ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қабылдауға дайын болады.

– Тьютор немесе педагог ассистенті деген көмекшілер әр инклюзивті сыныпта болу міндетті ме?

– Педагог ассиcтенттердің ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға ПМПКның қорытындысымен тағайындалады. Ол барлық мектепте болуы міндетті емес. Ол мектептерде денсаулығына байланысты, немесе мінез құлқына байланысты қиындықтары бар балаларға психологиялық медициналық педагогикалық консультация, қысқаша айтқанда ПМПК, солардың ата анасымен диагностикалық жұмыс жасау, және басқа ерекшеліктерін бағалау, ерекше қажеттіліктерін бағалау бойынша, осы ПМПК қорытындысы бойынша оларға педагог ассистент тағайындалады.

– Инклюзивті сыныпта ата-аналар мен балалардың бұған көзқарасы қалай? Қарсылық болса, белгілі бір жұмыстар жүргізіле ме? Білім беру мекемесі Инклюзивті статус аларда қалыпты балалардың ата-аналарының пікірі сұрала ма?

– Барлығымыздың ең бірінші бағынатымыз бұл Ата заңымыз. Конституциямызда орта білім барлығымызға міндетті. Ал білім туралы заңда білім алу, жалпы білім алу, оны тең қолжетімді ету ол біздің міндетіміз. Біз толеранттылыққа тәрбиелеу бағытында жұмыс жасауымыз керек, өз өзімізді осыған тәрбиелеуіміз керек. Өркениетті барлық елдерде мұндай көзқарас жоқ, толеранттылық қалыптасқан. Сол себепті барлығына бірдей сапалы білімді қолжетімділігін қамтамасыз ету біздің, білім саласындағы қызметкерлердің ең үлкен миссиясы болу керек және әрбәр азаматтың борышы болу керек.

Тікелей эфирді жүргізген және мәтінін түсірген Жанар Оспанова

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар