Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музей орналасқан.
Ауыл әкімінің айтуынша, Жаңалық ауылында 4000-ға жуық құрбандар жерленген. 90% құрбандардың шүйдесіне оқ атылған.
Мемлекет басшысының бастамасымен 2018 жылы Музейдің ашылу салтанаты болды. Жалпы алаңы – 635 шаршы метр. Құрылысына 260,3 млн теңге жұмсалған. Музей экспозициялық 3 залдан тұрады. Әділет” тарихи-ағартушылық қоры жұмыстары залы.
“Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу” (Реквием залы) бұл залда 4125 құрбанның аты жөні тақтаға жазылған, электронды ақпарат алушы арқылы әр адамның өмірбаянымен 2 тілде танысуға болады.
Үшінші зал “Қазақстандағы 1916-1986 жылдар аралығындағы қуғын-сүргін тарихы” . Бұл залда халықтың тоталитарлық жүйеге қарсылығы мен атылғандардың жеке бұйымдары көрсетілген. Олардың арасында А.Байтұрсынұлының көзәйнегі бар.
Біз қуғын-сүргін және аштық құрбандарының рухына тағзым етеміз.
Назерке Базарбек
Парақшамызға жазылыңыз