“Мінбер” медиа мектебі Алматыдағы Holiday Inn Express қонақ үйінде Сәуірдің 21-22 күндері “Журналистиканың негізгі машықтары: Тереңдетілген деңгей» атты тренингі өткізгені белгілі. Тренингте қатысушылар ашық дереккөздерімен жұмыс істеу дағдыларын үйренді. Интернеттегі дайын ақпараттарды іздей отырып, жаңалық жасаудың жолдарын игерді. Қатысушылардың келесі қадамы, үйренгендерін тәжірибе жүзінде қолданып, материал дайындау. Сондай материалдардың бірі, талдықорғандық әріптесіміз Мұхит Тоқтасынның “Жетісу” телеарнасындағы құны 5 миллион теңге тұратын дәретханалар туралы материалы. Біз бұл материалды “Мінбер” оқырмандарымен де бөліскенді жөн көрдік.
Талдықорғанда қоғамдық дәретханалар орнатыла бастады. Әжетханалардың әрбірі 5 млн.теңгеге бағаланған. Ал қала халқы олардың алдағы жай-күйіне алаңдайды. Өйткені тегін дәретханалар аты шулы «смарт аялдамалардың» күйін кешуі мүмкін. Жергілікті билік болса тағы қаржы бөліп тазалығын тәртіпке салмақшы.
Бұл мақала Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын “Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы” аясында дайындалды
Парақшамызға жазылыңыз
[…] телеарнасындағы әріптесіміз Мұхит Тоқтасынның материалы екендігін айтқан едік. Екінші материал оралдық […]