//

ҰБТ – 2023: қанша грант бөлінді?

10774 рет қаралды
1

Қазір 11 сынып бітіріп жатқан балалардың алдында екі үлкен сынақ басталды. Оның бірі – ҰБТ болса, екіншісі – мемлекеттік емтихандар. 

“ҰБТ-ға республика бойынша екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш қабылданды. Оның ішінде тест тапсырушылардың 75%-ы  қазақ тілінде, 25% -ы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді”, – делінген ҰТО ресми сайтында.

2023-2024 оқу жылында 88 204 студент мемлекеттік грант бойынша білім алады. Грант саны биылғы оқу жылына бөлінген мөлшерден 21%-ға артық.

Естеріңізге сала кетейік, түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны тапсыруға  екі мүмкіндік берілді. Бұл ретте әр талапкер тестілеуді екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Ең жоғары балл – 140, ал тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді.

Гранттардың басым бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мамандарындарына арналған.

Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар:

«Құқық» – кемінде 75 балл;

«Педагогикалық ғылымдар» – кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау» – кемінде 70 балл;

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, «Ветеринария» – кемінде 60 балл.

Сондай-ақ Ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл.

ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.

2023-2024 оқу жылына бакалавриат бойынша мемлекеттік білім гранттары келесі мөлшерде бөлінді:

  • педагогикалық ғылымдар – 15 273 грант;
  • өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615 грант;
  • әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 960 грант;
  • бизнес, басқару және құқық – 1 223 грант;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 6 988 грант;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 587 грант;
  • инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 22 728 грант;
  • ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 195 грант,
  • қызметтер – 2 200 грант;
  • ветеринария – 925 грант.

Сонымен қатар, шетел азаматтарын халықаралық келісімдер бойынша оқытуға және қазақстандық студенттерді шетелдік университеттерді оқытуға арналған гранттар бар.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер-2 камера-1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Айта кетейік, талапкерде тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар анықталса, ол әрі қарай ҰБТ тапсыруға жіберілмейді.

Әдемі Ғазизова

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар