///

Биылғы ҰБТ-ны тапсырғандардың 75%-ы қазақ тілін таңдаған

1785 рет қаралды
фото: baq.kz

2023 жылғы жас түлектердің арқасынан ауыр жүк түсті. Себебі 20 шілде грантқа құжат қабылдау аяқталды. 11 жылдық білімдері мен еңбектерінің жемісі 10 тамыз белгілі болады. Талапкерлер грант жауабын асыға күтіп жүр. Ендеше 2023-2024 оқу жылына бөлінген гранттар саны мен өтініштерге бір тоқталып өтейік.

Биыл мектепті тәмамдаған түлектер саны 170 мың. Ұлттық тестілеу орталығының ресми дерегіне сәйкес алдағы оқу маусымына барлығы 88 204 грант бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.

Мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау 13 шілде мен 20 шілде аралығында жүргізілді. Естеріңізге сала кетсек соңғы екі жылда түлектерге ҰБТ-ны екі мәрте тапсырып, жоғарғы көрсеткішті грант конкурсына жөнелтуге мүмкіндік жасалды.

Мемлекеттік грант байқауына барлығы 89 мыңға жуық өтініш келіп түссе талапкерлердің басым таңдауы педагогикалық ғылымдар болды. Кейін инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар таңдалды.

Бөлінген грант мөлшерінің көшін  22 728 көрсеткішімен инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бастап тұр. Қалған мамандықтарға арналған гранттар:

  Грантқа құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүргізілді.

1) Офлайн жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы;

2) Онлайн шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжат қабылдады;

3) Онлайн egov.kz порталы арқылы.

               2023 жылғы ҰБТ емтиханына қатысты қосымша ақпарат

170 мың түлектің 162 мыңы бірыңғай тестілеуден өткен. Орташа балл 73 балл, ал ең жоғары балл 137. Талапкерлердің 83%-ы  шекті баллды жинаса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 312 адам шығарылды. Тестіленушілердің 75%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде, 25%-ға жуығы орыс тілінде, 0.1%-ы ағылшын тілінде тапсырды.

Альбина Булатова, 

БҚО

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар