///

Медианың өзін өзі реттеуі қандай болуы тиіс?

1763 рет қаралды

Қырғызстанның астанасы Бішкекте өтіп жатқан “Жол айырығында: Демократия жолында медианың бостандығын қорғау” атты 24 Орталық Азия конференциясында  Орталық Азияның бес мемлекетінің журналистері “Медианың өзін өзі реттеуі” жөнінде ынтымақтастыққа қол қойып, әрі қарай осы бағытта бірге жұмыс істеуге келісті. 

Медианың өзін өзі реттеуі комитеттері Моңғолияда, Қырғызстанда, Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда жұмыс істейді. Солардың ішінде Моңғолиядағы комитет 2005 жылы құрылған болса, Қырғызстанда 2007 жылы құрылыпты. Тәжікстан мен Өзбекстанда әзірге Журналистика кеңесі немесе одағы деңгейінде жұмыс істейді.

Қазақстанда “Медианың өзін өзі реттеу” комитеті  2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстандық медиа желі ең әуелі “Медианың негізгі принциптері” құжатын қабылдады. Бұл құжатқа бүгінге дейін мыңға жуық журналист қол қойған.

Десе де, Медиа туралы заңы бар мемлекеттерде медианың өзін өзі реттеуі мен медиа этика кодекстерінің жұмыс істеуі екі талай. Өйткені, кез келген жерде заң басшылыққа алынады. Бірақ медианың өзін өзі реттеуі комитетінің мақсаты кез келген конфликтіні сотқа жеткізбеу, оның қызметі кеңес беру немесе ұсыныстар айтумен шектеледі. Егер оқырман немесе көрермен медиада қандай да бір кәсіби этикаға қайшы әрекеттер орын алғаны жайлы шағым түсіретін болса, комитет осы шағымды қарастырып, негізгі принциптер бұзылды ма, жоқ па, соған жауап беріледі.

Бұл сессияға қатысушыларды қатты таңқалдырған дүние Моңғолиядағы “Медианың өзін өзі реттеуі” комитетіне шағым түсірушілердің көп болуы, ал Орталық Азияның өзге мемлекеттерінде ондай шағымның болмауы. Бұл бұндай институттарға халықтың сенімінің аздығы ма? Жұрттың сеніміне ие болу үшін не істеу керек?

Қырғызстанның “Медианың даму орталығы” қоғамдық қорының директоры Нұргүл Әбдікерімова бұның бірнеше себебін атады. Олар: халықтың ақпараттануының аздығы, бұл институттардың шешімінің құқықтық мәртебеге ие болмауы, заңдық орындарға шағымданудың дәстүрге айналуы. Сол себепті бұл комитеттердің жұмысын кеңінен насихаттап, халықты ақпараттандыру басты мақсат болуы тиіс.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар