Бұлақтай қасқа татымды,
Арылтар бойдан татымды.
Адал сөздің киесі,
Абай деп қойған атыңды.
Қан құлыпты жақыны.
Жаңғырып тұр жат үні.
Сен не дейсің,
Қазақтың,
Ақылдан туған ақыны?
…Масық сөз шығар пендеден,
Құлқынын ғана жемдеген.
Арсызды да, нәрсізді,
Жөндеген де, емдеген.
Сәулелі сүттей сәуелі –
Абайдың демі, әуені.
Дерттенген қоғам, үшкіртер,
Абайға келіп әуелі.