///

Қазақ тіліндегі тұңғыш бизнес форум: Үкімет бизнес саласына араласпауы қажет

1849 рет қаралды

15 тамыз күні елімізде тұңғыш рет қазақ тілінде «Sana Business Forum» өтті. Ұйымдастырушылар экономика, бизнес және қаржы салаларында тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелердің шешімін табуға септігін тигізетін кәсіби платформа қалыптастыруды мақсат тұтқан.

Жиынға 50-ге тарта сарапшы, 300 ге жуық қатысушы шақырылған, олардың арасында ірі бизнес өкілдері, компаниялардың иелері, мемлекеттік органдарының өкілдері, ғалымдар, БАҚ өкілдері бар. Алғашқы спикер – қазақ тілінде бизнес форум өткізу туралы идеяның авторы, белгілі экономист ғалым Мақсат Халық форумның басты мақсаты – Үкімет, бизнес және ғылым арасында байланыс орната отырып, ел экономикасының даму мәселелерін, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылау екенін айтып өтті. Сондай-ақ, «Халықаралық сауда алаңында мәселе бар. Кәсіпкерлеріміз сыртқа тауар шығаруды ойламайды. Соңғы бес жылда инфляция 65 пайызға өскенмен, халықтың табысы артқан жоқ. Халық табысын күндегі азық-түлікті алуға ғана жұмсап жатыр. Ресей рублінің құлдырауы біздің отандық өндіріске кері әсерін тигізеді», – дей келе Мақсат Халық Алаш идеясын басшылыққа алатын жаңа экономикалық модел керек екенін айтты.

«Sana Business Forum» спикерлерінің қатарында Ұлттық экономика министрі Қуантыров Әлібек Сәкенұлы, Ауылшаруашылық вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, экономист Жақсыбек Әбдрахметұлы, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Сентрас Иншуранс сақтандыру компаниясының персонал жөніндегі директоры, персонал жөніндегі менеджерлер қауымдастығының мүшесі Айгүл Қуатқызы, Trade Help бизнес кеңесшісі, Халықаралық HR клубының мүшесі Аида Егембердиева, кәсіпкерлерден Golden Bridge Partners серіктесінің негізін қалаушы және директоры Jańa Post компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлы, “QAZHEALTH TRADE” ЖШС директоры Айтуған Мұқашев, SONA lab, Med Progress, Nomad Goldman Logistics, Acvee Finance компанияларының негізін қалаушы Аслан Назаралиев, кәсіпкерлер Гүлбану Майғарина мен Бахтияр Өсербекұлы, «Lactomarin», «Lamifaren» және тағы басқа тауар белгілерімен танылған компаниялардың негізін қалаушы Әділбек Тұрғынбай,  EASYTAP жобасының негізін қалаушысы Мағзұм Төлеш, Mercury Properties компаниясының стратегиясы мен бизнесті дамыту жөніндегі директоры Әмірхан Омаров, Америкалық AES корпорациясының Арлингтондағы бас кеңсесінде робототехника мен дрондар жөніндегі бағдарламаның жаһандық жетекшісі Әсел Аяпова, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғылым департаментінің директоры, PhD докторы Руслан Ерғалиұлын және басқа да іскер азаматтар қатысты. Бұдан бөлек 50-ге жуық ел арасында тынылып жүрген зиялы азаматтар, ғалымдар, кәсіпкерлер, экономистер, сарапшылар қонақ ретінде барды.

Форумға қатысушы спикерлер ең әуелі бұның тек қазақ тілінде өткізудің маңыздылығына тоқталса, қазіргі қазақ экономикасына неге ақсап тұрғандығын да тілге тиек етті.

“Ана тілі” газетінің жазуы бойынша, Экономикалық саясат институтының директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков үкімет бизнес саласына араласпауы керек деп есептейді. «Бұл Смайылов үкіметінің  қателігі, қазақ экономикасының ауруы. Табыс тепе-теңдігін сақтамау салдарынан жылына  миллиардтаған теңгеге ұтылып отырмыз. Сондықтан жаңа экономикалық саясат қажет» деп тұжырымдады экономист.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар