//

Қазақмыс: Ереуілге шыққан кеншілер жазаланбайды

656 рет қаралды

“Қазақмыс” компаниясының ереуілге шыққан кеншілері жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды  компанияның баспасөз қызметі.

2023 жылдың 14 тамызында түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік учаскесінің №65 шахтасында бірнеше кеншілер мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары жұмысты тоқтататыны туралы хабарлап, ереуілге шыққан болатын. Артынша Ұлытау өңірінде ереуілге шыққан жүзден астам кенші 15 талап қойған.

Олар еңбек жағдайын жақсартуды, жұмысшылардың еңбек өтілін есепке алуды, ескі тау-кен жабдықтарын кондиционері бар жаңа қондырғыларға ауыстыруды сұрайды. Мүгедектік пайызын 29-дан 50 пайызға дейін арттыру, жақында қайтыс болған жұмысшы Е. Ербосыновтың ұлын жұмысқа алу мен қолда бар барлық ақшалай сыйақыларды беруді талап еткен.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілер ерікті медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды тағы бірнеше мәселелерді қарастыруды сұрады.

Ереуілшілерге «Қазақмыс» компаниясының басшылығы, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері аттанды Компания басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін кеншілердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп, бір мәмілеге келген.

Кеншілердің кейбір сұрақтары шахтада келісіліп, қанағаттандырылды. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігінің орындалуы заңнамалық өзгерістерге қатысты болған. Сол себепті оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оларды қызметкерлер мен жұмыс беруші өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашы топ пысықтайтын болады.

Келіссөздер нәтижесінде кәсіпорындарда жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ ереуілге шыққан кеншілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылмайтыны айтылды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар