///

Сандуғаш Дүйсенова неден айыпты болды?

2338 рет қаралды
фото: ҚазТАГ

Қоғамдық белсенді, журналист Сандуғаш Дүйсенованың қамауға алынғандығы туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде, сосын ақпарат агенттіктерінде тарала бастады.

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып жазған ҚазТАГ агенттігі оның ҚР Қылмастық Кодексінің 147  бабы бойынша қамауға алынуы мүмкін екендігін жазған. Бұл бап жеке өмір мәліметтерін таратуға қатысты.

Сандуғаш Дүйсенова – Жетісу және Алматы облыстарында өте танымал журналист. Көбінде әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Ол 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында Назарбаевтың құлаған ескерткішін суретке түсіріп, «Конец эпохи» деген ат қойып жариялаған. Әрі осы фотосы үшін MediaCAMP Award 2022 халықаралық конкурсының жеңімпазы атанған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша өз парақшасында бұл мәселеге түсінік берген екен:

“Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын білді.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын”,-делінген онда.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар