///

Журналист Сандуғаш Дүйсенованың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

2030 рет қаралды
фото: qaz365.kz

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды  Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша Қылмыстық іс қозғалғаны белгілі (Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі).

2023 жылғы 14 тамызда  Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев Дүйсенованы қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылдады.

Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды.

Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылық бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда туындайды.

Алайда, тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ.

Осыған байланысты, Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды (Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы).

Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделген.

Сондықтан материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оларды қарау үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар