Ұлыбритания корольдігі ашықтық туралы жаңа Ережені қабылдағаннан кейін £250 миллион фунт стерлингке бағаланған жылжымайтын мүліктің түпкі иесі автократиялық мемлекеттер басшыларының балалары екендігі айқындалған.
Жаңа заң бойынша Англия мен Уэльсте орналасқан оффшор компаниялар өздерінің иеліктеріндегі мүліктердің түпкі иесін атап, қоғамдық декларацияға енгізуі тиіс болған. Бұған дейін ол компаниялар жылжымайтын мүліктің түпкі иелерін құпия ұстап келген еді.
The Times басылымының жазуы бойынша, £200 миллион фунт стерлингке бағаланатын жылжымайтын мүлік Азербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелеріне және саяси жақтастарына тиесілі.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева жалпы құны £40 миллион тұратын екі жылжымайтын мүлікке иелік етеді екен. Екі үйдің бірі Челсиде (Chelsea) £31 миллионға бағаланса, екіншісі £9.3 миллион тұратын үй Хайгейтте (Highgate) орналасқан.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев та £1.5 миллионға бағаланған жылжымайтын мүліктің түпкі иесі екендігі айқындалған. Оның үйі Лондондағы Гайд Паркке (Hyde Park) жақын орналасқан.
Парақшамызға жазылыңыз