///

Еркін Медиа Форум: Біз қаншалықты еркін ақпарат тарата алып жүрміз?

2037 рет қаралды

Өркениеттер қақтығысы өршіген қазіргі уақытта журналистиканың маңызы арта түскені белгілі. Өкініштісі. жаңа технологияларды пайдалана отырып, бұқараның санасын манипуляциялаудың оңай әрі жылдам жолдарын игерген ақпарат иелері бүгінде журналистикамен емес, пропагандамен айналысып кетті. 

14 қыркүйекте Азаттық радиосы Орталық Азиядағы редакцияларына 70 жыл толуына орай медиафорум ұйымдастырылған медиафорумда авторитарлы елдердегі медианың жай-күйі, пропаганданың өршуі, ақпараттық манипуляцияның шегіне жетуі және ақпарат құралы ретінде тіркелген немесе өзін ресми БАҚ-пын деп жариялаған медианың қоғамдағы рөлі, “Азаттықтың” сөз бостандығы үшін қосып жатқан үлесі туралы сөз болды.


Медиафорум “Уақыт кедергісінен тыс цензурасыз жаңалықтар” тақырыбында өтті.  Free Media forum-да тәуелсіз медианың Қазақстандағы ірі әрі мемлекеттік БАҚ тігісін жатқызғысы келген оқиғалардан, оның ішінде Арыстағы жарылыс, қанды Қаңтар оқиғасы, Шаңырақ оқиғасынан үздіксіз хабар таратып, билік тарапынан редакцияның әлеуметтік желіге шығуы бұғатталса да, тың жаңалықтарымен хабардар етіп отыруды тоқтатпағаны әңгіме өзегіне айналды.

Азаттық радиосы — әлемнің 23 елінде 27 тілде хабар таратып отырған халықаралық медиа. Сөз бостандығы мен адам құқықтарының бұзылмауы үшін күресіп, тәуелсіз журналистиканы дәріптеу арқылы бүкпесіз шындықты айтып жүрген редакция. Орталық Азиядағы Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Тәжік және Түркімен елдерінде Азаттық радиосының қызметтері жұмыс істейді.

Азаттық радиосы айтулы датаға орай өткізген жиынға Орталық Азия мемлекеттерінің журналистері мен тәуелсіз сарапшылары, Азаттық радиосының әр елдегі қызметтінің өкілдері жиынның басты қонағы болды. Жиында негізінен Орталық Азиядағы баспасөз еркіндігі мәселері авторитар елде сөз бостандығы, ой еркіндігінің шектелуі мен билік тарапынан болатын шектеулерге төтеп беру мәселелері талқыланды.

 2011 жылы Жаңаөзенде мұнайшылар көтеріліске шығып, соңы қанды қақтығысқа ұласқан тұста оқиға орнынан Азаттық радиосы қалай тың ақпаратты тарата білгені жайлы «Жас Алаш» газетінің бұрынғы редакторы, ардагер журналист Рысбек Сәрсенбайұлы айтып берді.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде ешқандай медиада оқиға орнынан хабар болмай отырған кезде мен бірден Азаттыққа хабарластым. Азаттық бірден іліп алып, тілшілерін жіберіп, қақтығыстың қалай болып жатқаны туралы шынайы ақпарат таратты. Күні кешегі қасіретті Қаңтар оқиғасы кезінде де оқиғаның ортасында болды. Қанша адамның қаза тапқаны жайлы тізім жасауды қолға алды. Әрбір оқиғаның қалай болғанын, қалай өрбігенін, неге апарып соққанын, қазір де сот процестерінің қалай жүріп жатқанын да назарда ұстап отыр.

Жиында панельдік талқылаудың басты тақырыбы пропаганда және журналистика туралы дискуссия болып, Украинадағы соғыс тұсында Орталық Азиядағы тәуелсіз журналистиканың жұмысы сөз етілді. Модератор – Алматы бюросының жетекшісі Қасым Аманжол. Панельдік талқылауда автократиялық елді демократиялық елге айналдыру жолдары, Украина мен Ресей арасында соғыс болып жатқан тұста Ресейдің және ресейлік арналардың пропагандасы талқыланды. Спикерлердің сөзінше, қазіргі таңда шетелге шығу есігі ретінде жастардың Ресейді көздеуі азайғанын айтады. Сондай-ақ автократтар неліктен бұқараға әсер ету үшін пропаганда әдісіне сүйенеді?,-деген сұраққа жауап іздеді. Бұл тақырыпты Дархан Өмірбек кеңінен тарқатты. Сонымен қатар дискуссия спикерлерінің бірі Factcheck.kz порталының жетекшісі Думан Смақов қазақ аудиториясының арасында басқыншы ел, Ресейді қолдайтындар мен қолдамайтындардың статистикасын көрсетті. Статистикаға сүйенсек, Ресейге қарағанда Украинаны қолдайтындардың саны артқан. Ал спикер Шалқар Нұрсейіттің сөзінше, соңғы уақытта орысша сөйлеушілермен мен үйренушілердің саны азайған.

Алдағы уақытта Азаттық медиафорумын өткізу дәстүрге айналуы мүмкін екенін Азаттық радиосының Орталық Азия аймақтық директоры Хамид Исмаилов медиафорумның жабылу рәсімінде айтты.

Дина Айтбекова, Алматы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар