//

Хәрри Поттер қазақша сөйлейді. Кезекті қазақша туындының тұсауы кесілді

Start

Steppeworld баспасы Хәрри Потерді қазақша сөйлетіп, кезекті «Сиқырнама» туындысын қазақ тіліне аударып, ағылшын басылымымен қатар жарыққа шығарды.

Жуан Роулиң Хәрри Поттер туралы кітапты 1997 жылы жазып, әлем оқырмандарына ұсынды. Әлемдік бестселер арада 22 жыл өткенде ғана қазақ тіліне аударылды. Қазақ оқырмандар 2019 жылы ғана басты кейіпкердің «Гарри Поттер» емес «Хәрри Поттер» екенін білді. Араға бірнеше жылды салып барып, Хәрри қазақша аударылғанмен арадағы үлкен қашықтықты тездетіп, жеделдетіп өтудің бар амалын жасап, ерен еңбек еттік,- дейді Steppeworld баспасы.

Хәрри Поттер жайлы кітаптың осыған дейін 7 басылымы жарыққа шыққан. Олар Хәрри Поттер мен «Пәлсапа тас», «Жасырын бөлме», «Азкабан тұтқыны», «От сауыт» «Феникс алқасы», «Шалақан ханзада», «Ажал сыйлары» Арасында 758 беттен тұратын  «Хәрри Поттер мен Феникс алқасы» кітабы ең ауқымды басылым. Ал кеше ғана, 15 қазан Алматы қаласында «Сиқырнама» кітабы ағылшын тілді басылыммен қатар шығып, Steppeworld баспасы сүйікті оқырмандары «Поттербастармен» бірге тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерге келген әрбір Поттержан үшін кітап 20% жеңілдікпен сатылды. Сондай-ақ тұсаукесерде жаңадан шыққан қазақ тіліндегі кітаптар 40% жеңілдікпен сатылымға қойылды.

  «Сиқырнама» кітабы не туралы?

Бұл қиялға ерік беріп, сиқыр әлеміне жетелейтін Харри Поттер жайлы құнды кітап. Кітап тек сөз бен сөйлемнен ғана емес түрлі карталар мен құпия жерлердің иллюстрациясынан құралған. Сиқыр әлемінің кейіпкерлері туралы сыр шертетін нағыз артефакт. Кітап 700 беттен тұрады. Хогуартс сиқыр мектебінің сиқыршылары туралы деректер жазылған. Қазіргі уақытта әлемнің 50 тіліне аударылған. Ал орыс тіліне сакцияға байланысты аударылмаған.

Тұсаукесерде «Сиқырнама» кітабының шығуына үлес қосқан мамандармен болған сұқбатта Steppeworld баспасының басшысы Раиса Қадыр кітапты аудармас бұрын түпнұсқа авторы Жуан Роулиңнің тікелей өзінен рұқсат сұрау процессі біраз уақытты алғанын айтады. Дегенмен көп ұзамай жанындағы агенттерінен жауап келіп, рұқсатын алған. Ал кітапты қазақша нұсқада шығаруға үлес қосқан мамандардың айтуынша, кітапты аудару кезінде дөп келетін қазақша атауды табуда біраз қиналған. Сол кезеңдерді еске түсіріп, қызықты оқиғаларын оқырманмен бөлісті. Аударылған кітапқа редакция жасаған Назгүл Қожабектің сөзінше, «өлместің суы» деген атауды түсінде көргенін айтады. «Редакцияға алып-ұшып жүгіріп келіп, осы бір атауды тапқаныма қуанып, жазғаным бар»,-дейді бас редактор.

Әсерлі әуенмен оқығыңыз келсе…

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар