10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты.
” Бортта 166 жолаушы бар, олардың ішінде 124-і – ҚР азаматы және 42-сі – шетелдік азамат. Бүгін кешке ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп күтілуде”, – делінген Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Бұған дейін Air Astana Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты 8 қазанға жоспарланған Алматыдан Тель-Авивке КС649 рейсінің орындалмайтынын хабарлаған болатын.
Сыртқы істер министрлігі Тель-Авивтегі Бен Гурион атындағы әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып шыққаны хабарланған болатын.
Айта кетейік Израильге қарсы Газа секторының жаппай зымыранмен атқылауынан басталған соғыстың жүріп жатырғанына 4 күн болды. Тараптар 2014 жылдан бері бір-біріне шабуыл жасап келеді. Соңғы кезде Палестина мен Израиль арасында ауқымды әскери операциялар жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Хамас пен Израиль арасында тарихи аумақ үшін қақтығыстар жалғасып жатыр.
Дереккөз: sputnik.kz
Парақшамызға жазылыңыз