Республика күні митиингке шықпақ ниеті болды деген желеумен кемі 10 адам ұсталды. Ұсталғандардың арасында 88 жастағы қарт әже де бар.
25 қазан Республика күні митинг өтуі мүмкін аймақтардағы нақты орындар белгіленіп, қауіпсіздік күшейтілді. Кемі оннан аса адам ұсталды. Ұсталғандардың дені Астана, Алматы, Орал қаласынан. Оппозициялық митингке шыққандардардың арасында 88 жастағы қарт Бибіғайша әже де бар. Әженің қолында Желтоқсан ардагері деген куәлігі болды. Оған қарамастан қарт әжейді әкімдіктегілер алып кетті. Оқиға орнына барған журналистердің «не үшін әкетіп жатырсыздар?» деген сұрағына полицейлер жауап бермеген. Ешкім бұл туралы түсініктеме берген жоқ.
Митингке шыққандардың арасында зейнеткер қария да болды. Қария алаңға келу арқылы зейнетақысының мардымсыз екеніне шағымданбақ болған. Алайда орталық саябақта ешкім болмаған соң қайтып кеткенін айтады. Оның үстіне Орталық саябақта интернет дұрыс істемеген.
Митинг болады деген сыбысты естіп, ҚазҰУ университетінің жатақханасында студенттерді сыртқа шығармай қысым көрсеткен. Ал жатақхана меңгерушісінің айтуынша, участковый полиция «ешкім сыртқа шықпасын, дүкенге де бармасын деп ескертті»,-дейді меңгеруші.
Бұл уақытта Астана қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысып, Республика күнімен құттықтады. Ел президенті құттықтау сөзінде, “халқымыз тату-тәтті әрі берекелі қоғам құруға бар ерік-жігерін жұмсайды, жасампаз ісімен жаңа белестерді бағындырады. Әрбір отандасымыз адал азамат деген атқа лайық болып, елімізді дамытуға салмақты сөзімен, өнегелі ісімен үлес қосады. Біз бірге мақсатымызға жетеміз, баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті Қазақстанды құрамыз”-, деген тілегін жолдады.
Парақшамызға жазылыңыз