Қарағандының «Костенко» шахтасында жарылыс болып, 18 адам түрлі жарақат алған. Қайтыс болғандар саны 11-ге жетті.
Жарылыс сенбі, 28 қазан күні болды. Шахтада 252 адам болған. Соңғы деректерге сәйкес 205 адам жер бетіне шығарылған. Жер астында 36 кенші қалған. Жарылыс себебі әзірге айтылмады. Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техник жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев хабарлады.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының хабарлауынша, көмір оятын жерде метан жарылғаннан кейін басталған болуы мүмкін екенін хабарлады.
Парақшамызға жазылыңыз