Тель-Авивтен келетін әуе рейсі ұшып келер алдында антисимит акциясына 1000-ға жуық адам қатысып, Махачкала әуежайын басып алды. Бұл туралы Кавказ.Реалии хабарлайды. Акцияға шыққандар Израильге қарсылық білдіріп, Дағыстаннан еврейлерді қууды талап етті.
Израильден ұшып келгендерді қабылдауға қарсы топ Дағыстанда Махачкала әуежайында шу шығарып, басып алды. Сол себепті әуежай жабылып, қалаға келетін өзге де рейстер басқа бағытқа жіберілген. Қазіргі таңда Махачкаланың ішкі істер органдары қауіпсіздігін күшейті. Flight Radar 24 сервисінің мәліметінше, Тель-Авивтен шыққан Red Wings әуе компаниясының ұшағы әуежайға таңғы 7:17 кезінде қонған.
28 қазанда Қарашай-Шеркес республикасының астанасы Черкескіде де Израиль тұрғындарын келтірмеуді талап еткен митингі болған. “База” арнасының жазуынша, үкімет үйінің алдына 500-гу жуық адам жиналған. Кейін олар республикадан еврейлерді түгел қуып шығуды талап еткен. Дағыстан басшысы Сергей Меликов телеграм арнасына Таяу Шығыстағы жағдайды пайдаланып, әлдекімдер Дағыстандағы жағдайды ушықтырғысы келеді деп жазған.
Дағыстан мүфтилігі Махачкаланың орталық мешітінде мыңдаған мұсылман Палестина үшін дұға жасағанын айтқан.
Парақшамызға жазылыңыз