//

Автобус жүргізушісін ұрғандықтан аялдамадағылар қаза тапты

1139 рет қаралды
1
Facebook әлеуметтік желісінен алынды. Ержан Төлек
Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындап, жолаушы жүргізушіні соққыға жыққан. Салдарынан жол апаты болды. Қаза тапқандар бар.
Алматы қаласында 22 желтоқсанда сағат 18:15 шамасында “47” бағытта қатынайтын автобус жүргізушісін жолаушы соққыға жыққан. Белгілі болғандай қоғамдық көліктің жүргізушісі әйел адам болған. Соққының соң жүргізуші есін жолғалтып, рульге ие бола алмай аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен. Салдарынан үш адам қаза тауып, төрт адам дене жарақатын алған.  Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті хабарлады.
Автобус жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сараптама тағайындалған. Оқиғаның басқа да жай-жапсарлары анықталып жатыр.
Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар