//

Азаттық. Бостандық. Дербестік

1079 рет қаралды

Идеалды, төрт құбыласы тең, төрт аяғын тең басқан тәуелсіздік деген болмайды. Өйткені, адам күні адаммен деген сияқты мемлекет те мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас, алыс-беріссіз жеке дара өмір сүре алмайды.

Демек, біздің тәуелсіздік деп жүргеніміздің өзі тәуелділік. Біз ерте дәуірлерде де, қазір заманда да бір нәрсеге, әлдекімге қандай да бір жағынан, ол мейлі саяси, мейлі экономикалық, мейлі мәдени-рухани болсын тәуелді болғамыз әрі бола да береміз. Тәуелділік ол табиғи заңдылық. Одан мүлдем азат боламын деу абсурд, мүмкін емес дүние.

Ал Қазақ Елінің Ресей патшалығының отарынан азат болғанымыздың жөні басқа. Ол — тәуелсіздікпен салғастыруға келмейтін орны бөлек, қасиеті ерекше, қазақ халқы ондаған жылдар зар болған қастерлі ұғым.

Ресей (СССР) империясы жартылай ыдырап (Ресей әлі де империялық ел), оның отарында ұстап отырған он бес республика өз дербестігін жариялап, азаттығын паш еткендер қатарында Қазақ Елі де болды. Осы Азаттық алған күнімізді біздің билік Тәуелсіздік деп жария етті. Ақиқатында бұл күн біз Ресей боданынан бостандық алған Азаттық күні еді.

Нақтылай айтқанда дербес елдік қасиеті жойылған, өзін-өзі басқаратын саяси қауқары жоқ, басқаның билігінде болған елдің өз ерік жігерінің өз қолына тиген күні 16-желтоқтан 1991 жыл. Бұл күні Қазақ Елі үшін Азаттығын, Бостандығын, Дербестігін басқаның (Рессейдің) билігінен толық ажыратып, өзінің туабітті Еркіндігін алған күн! Ұлыстың Ұлы Күні! Ең Ұлық Мереке! Ұлыстың Ұлы Күні құтты болсын, ағайын!

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар