“ҚазМұнайГаз” компаниясы баспасөз қызметінің хабарынша 2030 жылға қарай компания жаңа кен орындарын іске қосып, табиғи газ өндірісін жылына 6,7 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
“ҚМГ газ стратегиясын әзірлеп жатыр, жоба аясында 2030 жылға қарай табиғи газ өндірісін жылына 6,7 миллиард текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр (ірі жобаларды есепке алмағанда — Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған)”, — делінген хабарламада.
- Биыл үш жаңа кен орнын пайдалану басталды: Оңтүстік Ақсай, Шығыс Өріктау және Рожков;
- 2027 жылы ҚМГ Батыс Прорва және Қаламқас кен орындарын пайдалануға беруге ниетті. Жылына 1,1 миллиард текше метр газ өндіру жоспарда;
- Үш-төрт жыл ішінде Орталық Өріктау кен орнында өндіруді бастау жоспарланып жатыр.
Сондай-ақ, халықаралық компаниялармен 12 перспективалы геологиялық барлау жобалары мен жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау жобалары пысықталып жатыр, деп толықтырды Ұлттық компания.