////

Айбар Олжаев: Зілзала VS паника: не қауіпті?

2111 рет қаралды

Алматыдағы жер сілкінісі жалған ақпараттың үрей тудыру күшінің артып келе жатқанын байқатты. Дәл осындай кездерде жағдайда жалған ақпаратқа еру өте қауіпті.

Ресми ақпарат болмады деуге болмайды. Алматының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 23 қаңтарда түн ортасынан кейін болған жер сілкінісінің мән-жайын айтып, қажетті ақпаратты таратты. ТЖМ “Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының” мәліметінше, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек. 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелген. Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құзырлы мемлекеттік органдар өзара әрекет алгоритміне сәйкес хабарланған. Қазір қала бойынша жер сілкінісінің салдарын бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазір мысалы біздің жұмыста ДЧС сейсможаттығуларды бастап кетті. Қандай жағдай болғанда да ресми органдардың мәліметіне құлақ асып, сабырлық танытқан дұрыс. Өйткені олар жағдайды шынайы зерттеп, болжап жасап, іс-әрекет жоспарын құрып отыр. Мегаполисте дереу жаппай жиналу нүктесі ашылды. Барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі.

Алматы қалалық полиция департаменті таратқан мәлімет бойынша патрульдік полицияның саны ұлғайтылып, учаскелік инспекторларының тұрғын үйлерді аралауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарды үйлерінің есігін кілттеп жабуға шақырады. Ұры-қарылар да осындай кезді пайдаланады.

Енді Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда жақын уақытта жойқын жер сілкінісі болмайды деп сендіріп отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар