Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар прокурорлық тексеріс барысында оқу орнына қатысты тағы бір қылмыстық жағдай анықталды. Университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері ашылған.
Аталған екі істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қазіргі құрылтайшысы әрі ректоры – Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы. Оған дейін бұл оқу орнын Назарбаевтың қайын атасы – Тілектес Есполов (Әсел Құрманбаеваның әкесі) басқарған. Ол оқу орнын 2022 жылы ғана босатқан. Алайда Алматы прокуратурасы жариялаған ақпаратта қай ректордың кезінде ақша жымқырылғаны нақты жазылмаған.
Парақшамызға жазылыңыз