“Дәстүр” қазақстандық хоррор фильмінің кассалық жиыны бір аптада бір миллиард теңгеден асты — бұл қазақстандық киноиндустриядағы рекорд. Бұл туралы Meloman Media-ға сілтеме жасай отырып “Vlast.kz” хабарлады.
Көрермен назарына “Дәстүр” 28 желтоқсан ұсынылды. Бұл режиссер Қуаныш Бейсектің әлеуметтік драма мен хоррор элементтерін біріктіретін екінші толықметражды картинасы. “Тикетон” билеттерін сатып алу сервисінің деректері бойынша фильм прокаттың төрт күнінде (28-31 желтоқсан аралығында) 445 миллион теңге жинады.
Оқиға ойдан шығарылған ауылда өтеді. Диана есімді бойжеткен мектеп бітіру кешінен үйге қайтып келе жатқан жолында ауыл бұзақысы Болат есімді жігіт қызға тиісіп, зорлайды. Болаттың әкесі ірі шаруа қожалығының иесі, жергілікті әкімнің қолдауына ие бола отырып, Диананың ата-анасын, қарапайым жұмысшыларды, өзін ұяттан қорғау, ұлын түрмеден құтқару және дәстүрді сақтау үшін қызын зорлаушыға үйлендіруге көндіреді. Үйлену тойынан кейін ықпалды отбасының өмірі сұмдыққа айналады.