/////

Израиль палестиналық журналистерді жаппай түрмеге қамады

2336 рет қаралды
фото: AFP/Hazem Bader

Қазан айында Израиль Газа соғысы басталған кезде, палестиналық журналист Алаа аль-Римави өзі басқаратын J-Media ақпарат агенттігіне, TikTok, Facebook парақшаларына белсенді түрде соғыс алаңынан ақпарат таратты. Алайда екі аптадан кейін Израиль қауіпсіздік мақсатында J-Media-ға жаңалық таратуға тыйым салып, J-Media-ның үш қызметкерін қамауға алды. 19 қазан Алаа аль-Римавидің өзін тұтқындады. Израиль әскері аль-Римавидің ұлын ұстап алып, бопсалау арқылы журналисті өз еркімен берілуге мәжбүрледі. Сол күні аль-Римави жақын жердегі Офер түрмесіне берілді.

Түрмеге кетпес бұрын аль-Римави өзінің TikTok-ғы 229 000 оқырманына:

“Өздеріңіз білетіндей, оккупация Газамен соғыс барысында журналистер мен БАҚ үнінің өшкенін қалайды”, “Кешірім сұраймын, Құдайдың көмегімен сізбен бірге бола алмай, қайғы мұңыңызды, азабыңызды және жеңісіңізді репортажда жеткізе алмайтыным үшін кешірім сұраймын” – деген хабарлама қалдырды.

Журналистерді қорғау комитетінің соңғы жазбасына сәйкес Аль-Римави Израиль тұтқындаған 17 палестиналық журналистің қатарына кіреді. Тізімде бірде-бір израильдік журналист жоқ. 1992 жылдан бері бұл Израиль мен Палестина аумағында ұсталған БАҚ өкілдерінің ең жоғары саны. (Алдыңғы рекордтық көрсеткіш 2016 жылы Израиль жеті және 2011 жылы төрт палестин журналистін, ал ХАМАС үшеуін ұстағанда тіркелді.) Салыстырмалы түрде бұған дейінгі ЖҚК жазбасында Израиль тұтқындаған тек бір палестин журналисі тіркелген еді. 

Аталмыш көрсеткіштердің күрт өсуі Израиль мен Газа арасындағы соғыстың Палестина территориясындағы журналистер үшін қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Израиль 2007 жылдан бері қатаң әскери блокаданы сақтап келе жатқан Газа аймағы журналист үшін ең қауіпті жағдай: 7 қазан ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін Израильдің әуе шабуылдары мен шапқыншылығынан ондаған адам қаза тапты. Бірақ ЖҚК дерегі бойынша соғыс кезінде түрмеге түскен барлық журналистер 1967 жылдан бері Израиль қарамағындағы Батыс жағалаудан шыққан. (Газа журналисі Диаа Аль-Калат 1 желтоқсанда атыс тоқтағаннан кейін қамауға алынғандықтан, ЖҚК тізіміне енгізілмеген.) Батыс жағалаудағы репортаждар израильдік қоныс аударушылар мен Израиль мен Палестина құқық қорғау органдарының шабуылдарын және Израиль әскерилерінің тұтқындауларын қамтығандықтан, тәуекелді қажет етті. Палестиналық журналистер мен адвокаттар журналистердің жаппай тұтқындалуын цензураның бір түрі ретінде сипаттайды.

Журналист Абдель Насер Аль-Лахамның көзін, қолын байлап, израильдік сарбаздар 16 қазан Батыс жағалаудағы үйінің есігін сындырып, алып кетеді. Ол туралы Ma’an басылымы бейне жариялады. Аль-Лахам айыптаусыз Офер түрмесіне қамалды. (Скриншот: ЖҚК / Ma’an ақпарат агенттігі)

Addameer палестиналық тұтқындарды қолдау тобының заңгері Тала Насир:

“Бұл пікір білдіру, саяси өмірге белсенді қатысу және журналистік жұмыс құқығын бұзу арқылы БАҚ үнін өшіру тәсілі”. “Олар қылмысының палестиналық журналистер әсерінен әлемге әшкере болғанын қаламайды”, — деді.

ЖҚК тізіміндегі журналистер секілді аль-Римавиге де айып тағылған жоқ. Аль-Римави және тағы J-mediaның үш  журналисі, сондай-ақ тағы 10 адам әкімшілік қамауға алынды — Ұлыбритания бақылайтын Палестинада заңды тамыры бар саясат. Израиль азаматтары елдің азаматтық сот жүйесіне бағынса, Батыс жағалаудағы палестиналықтар әскери соттарға есеп береді. Әкімшілік ұстау кезінде әскери қолбасшы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін адамды айыптаусыз ұстай алады. Израильдің “B’Tselem” құқық қорғау тобының мәліметі бойынша, әдетте алты айға созылатын қамауда ұстау мерзімі шектеусіз ұзартылуы мүмкін, оның барысында қауіпсіздік мақсатында жарияламай-ақ судьялар дәлелдерді қабылдай алады.

Бірнеше журналистің, соның ішінде аль-Римавидің отбасы мүшелері ЖҚК-ге туыстарын әлеуметтік желідегі постары үшін тұтқындады деп болжайтынын айтты. Заңгер Тала Насирдің айтуынша, барлық ұсталғандардың отбасы — тек журналистер ғана емес — осы күні аз ақпарат алып, ал кейбіреулері бірнеше күн өтсе де туысының қамауға алынғанын білмей келеді. 7 қазанға дейін айыпталушының екі мүшесіне әскери сот отырысына қатысуға рұқсат етілді; енді ешкімге рұқсат етілмейді, деді Насир. Адвокаттарға отырысқа кіру қиындады; қазір сот процесі негізінен бейнеконференция режимінде өткізіледі, бұл адвокаттарға өз клиенттерімен жеке ақпарат алмасуды қиындатты.

ЖҚК тізіміндегі екі журналист Тареку эль-Шариф пен Мұхаммед аль-Атрашқа алты айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Addameer тұтқындарды қолдау тобы. Эль-Шариф Батыс жағалаудағы танымал “Халықпен” телешоуының жүргізушісі. 7 қазаннан кейін ол Газадағы әуе шабуылдары мен жергілікті абоненттермен қаза тапқан палестиналықтардың санын талқылау кезінде көрерменге Израильдің әскери әрекеттері туралы күнделікті хабарлап отырды. Ол қараша айында өз үйінде таңертеңгі рейд кезінде қамауға алынды. Эль-Шариф ісін бақылап отырған Насирдің айтуынша, оның радио шоуының эпизодтарында “шейіттерді немесе Израиль террорист деп санайтын адамдарды дәріптеді” деген екі айып тағылған. Facebook пен Instagram-дағы жазбалары үшін “Алам” радиосындағы “Халықтық пікірталас” шоуының жүргізушісі Аль-Атрашқа айып тағылды, дейді оның адвокаты радиостанцияға берген хабарында.

Addameer өкілі жақында Оферадағы эль-Шариф түрмесінде болды. Оған аулаға күніне небәрі 15 минутқа шығуға рұқсат етілген. Апта сайын денелері мен киімдерін жуу үшін барлық тұтқындарға ортақ сусабын бөтелкесі берілген; камераларын дезинфекциялау үшін олар бір кесе сұйылтылған хлоридті пайдаланған. Ол сондай-ақ қамауға алу кезінде түрме қызметкерлері ұрып-соққанын айтты; түрмеде қамауда отырған кем дегенде тағы төрт журналисті ЖҚК тізімі тұтқында деп болжады.

фото: AFP/Fadel Senna

Журналистер 7 қазаннан бастап жаппай оккупация кезінде қамауға алынған мыңдаған палестиналықтардың аз бөлігін құрайды. “Олар бұрынғы тұтқындарды, саяси көшбасшыларды, белсенділерді, Университет студенттерін және журналистерді тұтқындады”, – деді Насир. ЖҚК тізіміне енгізілген журналистердің басым бөлігі үйлерін тінту кезінде ұсталды, кей жағдайда билік ұялы телефонды тартып алуға дейін барды. Алты журналистен басқасының бәрі бұрын Израиль тарапынан қамауға алынған, Насирдің айтуынша бұл үлкен тенденцияның көрсеткіші. J-Media өкілі Аль-Римави бірнеше рет тұтқындалған. 2021 жылы ол наразылық ретінде аштық жариялаған. 

Адвокат Насирдің сөзінше, палестиналықтар журналистер немесе басқа тұтқындарды әскери соттың ақтап шығуы екі талай, бірақ олардың кейбіреуі 7 қазандағы шабуыл кезінде ХАМАС ұстаған кепілге алынғандардың орнына босатылуы мүмкін деп үміттенеді. Екі журналист, Мерват Аль-Аззе және Лама Хатер, соңғы алмасуларда босатылды

“Егер журналистер босап шықса, олар өз ісіне қайта кірісуден тартынбайды”, — деді Аль-Шобаки. 

Дереккөз: CPJ.org


Аударып дайындаған: Альбина Булатова

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар