Алматыда Oyan, Qazaqstan! белсенділері 18 қаңтарда қамаудан босап шықты. Oyan, Qazaqstan! ұжымы Ақмарал Жәкібаева мен Айсұлтан Құдайберген, Жанель Шаханды абақты алдында күтіп алды.
3 қаңтарда Oyan, Qazaqstan! белсенділері Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында қозғалыстағы жақтастарын қолдап пикетке шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған еді. Сот белсенділерге “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айып тағып, қамауға алған еді.
Бұған дейін екі белсінді Бота Шәріпжан мен Равкат Мұхтаров абақтыдан босап шыққан еді. Олар 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні Алматыдағы орталық алаңда наразылық акциясына қатысқаны үшін 15 тәулікке қамалған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамаған еді.
Oyan, Qazaqstan! – саяси реформаларды талап ету үшін бейбіт қозғалыстарды ұйымдастыратын азаматтық ұйым.
Парақшамызға жазылыңыз