24 қаңтарда Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ сақталған орын табылды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 30 дана қару-жарақ Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Оның ішінде “Калашников” автоматтары, тапаншалар мен мылтықтар, 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон тәркіленген.
Бұған дейін билік “2022 жылы Қаңтар оқиғасының бас кезінде бірнеше мың қару-жарақ ұрланды” деген еді. Сондай-ақ қару-жарақ тәркіленгенімен күдікті не ұсталғандарды туралы айтпады.
Былтыр қаңтар айында ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов 1900 дана қару іздестіріліп жатқанын мәлімдеген.
Парақшамызға жазылыңыз