//

Жеті жылға сотталған Марат Жыланбаев аштық жариялады

612 рет қаралды
Сурет авторы: Сәния Тойкен

Белсенді Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды. Бірақ ол бұл үкіммен келіспейді. Сот үкімінің күші жойылғанша аштық жариялайтынын айтты.

19 қаңтарда Астана қалалық соты белсенді, “Алға, Қазақстан” тіркелмеген партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырған. Сот азаматтық белсендіні 7 жыл түрме жазасына кескен. Жыланбаевқа “экстремистік ұйымның ісіне араласты” және “экстремизмді қаржыландырды” деген айыптар тағылған.

Бұдан өзге прокуратура тіркелмеген “Алға, Қазақстан” партиясының лидері Марат Жыланбаев “ҚДТ экстремистік ұйымынан тапсырма алып, олардың қызметін қаржыландырған” деп күдіктенген. (Астана шетелде тұратын экс-банкир Мұхтар Әблязовтың ҚДТ қозғалысын “экстремистік ұйым” деп танып, қызметіне тыйым салған. Еуропарламент ҚДТ қозғалысын “бейбіт оппозициялық ұйым” деп атайды).

Адвокат Мейіржанның айтуынша, өзіне қатысты 19 қаңтарда кесілген үкімді Жыланбаев 24 қаңтарда ғана естіп, сот шешімімен келіспейтіндіктен аштық жариялағанын, қазір тек су ішіп отырғанын айтады.

Құқық қорғаушылар Жыланбаевты “саяси тұтқын” деп біледі. Еуропарламент 17 қаңтар күні  биліктегілерге саяси тұтқындарды босатуға үндеп, қарарда Марат Жыланбаевтың да есімін атады.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар