Таусамал ықшамауданында көшкін жүріп, жеке меншік үйді үйіндіге айналдырды. Төрт тұрғын мерт болды. Жанындағы үйлерге де зақым келген.
8 ақпан түнгі уақытта Медеу ауданы Таусамалы ықшам ауданында көшкін жүріп, тұрғын үйлерді басып қалған. Кейбіріне зақым келген. Іздестіру жұмыстарына 200-ге жуық адам, 30 техника құралы жұмылдырылды. Үйлер бір-біріне жақын орналасқандықтан техниканы пайдалануға қиындық туғызып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдай департаменті хабарлады.
Биліктегілердің хабарлауынша, жақын аумақтағы үйлерде тұратын адамдар №47 мектепке орналастырылған. Оларға жатын орын, ыстық шай және өзге керек заттар берілді. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар өз қалауы бойынша туыстары мен таныстарына кеткен.
Көшкін салдарынан қирандыға айналған жерлерде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі арматура, әйнек сынықтары араласқан лай топырақтың көптігі, үйге баратын жолдың тарлығы қолда бар техниканы толымды пайдалануға мүмкіндік бермей, шаруаны қиындатып, жұмыс негізінен қол күшімен жасалып жатқанын айтады.
Парақшамызға жазылыңыз