//

Асхат Аймағамбетов: Ғалымдарға жаңа үстемақы мен шығармашылық демалыс беріледі

671 рет қаралды

Мәжілісте талқыланған Ғылым туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістердің қатарында ғалымдарға жаңа үстемақы мен шығармашылық демалыстың берелетіні туралы Асхат Аймағамбетов айтты.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, бұған институттар мен университетте жұмыс істейтін ғалымдарға жалақысынан бөлек үстемақы берілетін еді. Ғалымдардың профессор немесе доцент атағы үшін осыған дейін ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңгеге жуық қосымша ақы алған болса, ғылыми атағы үшін тағы 30 мың теңгедей қосылады. Ай сайын 92 мың теңгедей үстемақы беру мүмкіндігін қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ғылыми дәрежелерінің жоғарылса, тағы 60 мың теңге қосылатыны айтылды. Демек ай сайын ғалымдарына иеленген дәрежелеріне байланысты жалақысынан бөлек 190 мыңға жуық үстемақы ала алады.

“Бұл заң жобасы еліміздегі ғалымдарды қолдаудың маңызды тетігі”,-дейді Асхат Аймағамбетов.

Ғалымдарды қолдаудың тағы бір тетігі ретінде қарастырылған мәселенің бірі шығармашылық демалыс туралы болды. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, шығармашылық демалыстың ұзақтығы бір жыл.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар