«Ұлттық қор – балаларға» жобасы 6,9 миллион теңге бөліп, әр баланың шотына 100 доллар көлемінде қаржы аударды. Есепшоттағы қаржыны тексеру үшін kids.enpf.kz сайтына өтіп, баланың ЖСН-ін енгізу керек.
2024 жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылды. Қаржы доллармен сақталады.
Қаржыны қазір шешіп алуға бола ма?
Бала 18 жасқа толғанда ғана шешіп алуға болады. Бірақ екі мақсатта ғана жарата аласыз. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алу мақсатында пайдалануға болады.
Қаржы түсу үшін есепшотты қалай ашу керек?
Ұлттық қордан балаға ақша түсіп тұруы үшін, арнайы есеп шот ашудың қажеті жоқ. Есепшот автоматты түрде ашылады.
Қазіргі үлестіріліп жатқан қаржы осыған дейін айтылған қаржыдан 70 долларға аз. Былтыр бағдарлама аясында әр балаға 160-170 доллар аударылады делінген.
Парақшамызға жазылыңыз