Алматы қаласы Алмалы ауданы Тастақ шағын ауданына қарасты Сайран көлі (су бөгені) маңайының қоршалып, абаттандыру жұмыстарының жүргізіле бастағанына біраз уақыт өтті.
Көпшіліктің көкейінде Сайран су бөгенінің аумағын абаттандыруға халықтың қалтасынан қанша қаржы жұмсалып жатқаны жайлы сауалдың туындауы заңды деп ойлаймыз. Minber сайты ашық дереккөздерін пайдалана отырып, осы сауалдың жауабын іздеп көрген еді.
10 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ САЙРАН КӨЛІН АБАТТАНДЫРАМЫЗ
Мемлекеттік сатып алулар порталында Алматы қаласы “Экология және қоршаған орта басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сайран көліне қатысты бірнеше келісім шарты бар екен. Солардың ең бастысы – “Сайран су қоймасына iргелес аумақты абаттандырумен жағалау қорғанысын қайта құру” деп аталатын 2024 жылдың 5-қаңтарында жасалған №050240003614/230120/02 келісім шарты. Бұл жобаға қатысты алғашқы хабарландыру – 2023 жылдың 19 қыркүйегінде жарияланған. Негізгі келісім шартқа былтыр желтоқсан айының 4-інде қол қойылған. Сатып алу типі көп жылдық, Сатып алудың құны – 10 миллиард 739 миллион 300 мың. Жұмысты атқарушы – “Павлодар өзен порты” Акционерлік қоғамы. Компания бұл жұмысты рейтингтік-баллдық жүйені пайдалану конкурсы бойынша жеңіп алған.
Аталған компанияның мемлекетке төлеген салығы соңғы бес жылда геометриялық прогреспен өскен. Назар аударыңыз: