Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылының тұрғындары ауыз су мәселесі бойынша Мінбер сайтына шағымданған болатын. Осы бойынша 19 маусым күні Тұрар ауылына “Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” Сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы Қайсар Қарашашев, ауылды сумен қамтамасыз етуге жауапты “Таусамалы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Алтын-Дән Айнабек және өзге де мамандар келді. Айта кететін жайт, 13 маусым күні Қонаев қаласында Тұрар ауылының белсенділері мен Ақжол Демократиялық партиясы ұйымдастырған жиналыс өтті. Ауыл тұрғындарының шағымдарын Қайсар Қарашашев пен “Ақ Жол” Демократиялық партиясының Алматы облысы филиалының төрайымы Мейраш Шынасынова, оның орынбасары Абзалбек Сағымбекұлы, облыстық мәслихат депутаты Сергей Владимирович тыңдады. Дегенмен, егістік суына қатысты жиналысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен келу керек болған. Бірақ жауапты маман жиналысқа қатыспады.
Әдемі Ғазизова,
Сандуғаш Жайылғанова,
Қонаев қаласынан
Парақшамызға жазылыңыз