//

Белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті

1855 рет қаралды
1

Белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті.

Бұл туралы этнограф-журналист Бекен Қайратұлы жазды.

«Қазақтың аймаңдай азаматы, жанкешті ғалым, ұлтының жоғын жоқтап, жыртығына жамау болған үлкен түрколог – ғалым Қаржаубай ағамыз бақиға аттанды. Алла алдынан жарылқасын! Туған-туыс, ағайын-жұртқа және жеңгеміз Жәлейге көңіл айтамын! Қобда бетінің қазақтары арысың аттанды, Алла панасына алғай!» – деп жазды Бекен Қайратұлы.

Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баян Өлгей өлкесінде дүниеге келген.

Тарих ғылымының кандидаты, профессор, 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

“Қош бол, апа!”, “Қыранның қазасы”, “Сәйгүліктер” атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. “Бір автобустағылар” (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. “Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата” (Алматы, 1988), “Объединенный каганат тюрков (Астана, 2001) атты ғылыми кітаптары жарыққа шыққан.  30-ға жуық ғылыми мақалалары орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.

Өзінің саналы ғұмырын түркология ғылымына арнап, байырғы түрік тілі, оның мәтіндерін аударып, тілдің тарихи толық түсініктемелерін жасады.

Режиссер Әсемғазы Капанұлының “Күлтегін” фильмі идеясының авторы.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Көне үннің көмейін жаңғыртқан
    (Қаржаубай Сартқожаұлына)
    Алай да алай, ақ дүлей аспан көшкен…
    Ащы толғақ, Ай-ана астаң-кестең:
    Қар үстіне босанып Қаржаубайын,
    Қайран ана, кіндігін таспен кескен…
    Құрт кеміріп, мұз шайнап, уыз ұрттап,
    Қаршадайдан, тау кезіп, қалғып ұйықтап.
    Жалаң аяқ, жалаң төс, зар жүгірді,
    Сартқожаның сары ұлы жалғыз ұрпақ…

    Сөйтіп тағдыр басталған тастай қатты,
    Ол жанына қортылмас астай батты.
    Айта алмаған адамзат ақиқатқа,
    Тастан басқа таппады басқа айғақты.

    Тапсадағы табиғат мөлдір сулы,
    Танытпады жылы жүз өмір шулы.
    Қарт Алтайдың бірбеткей шыңдарындай,
    Бөйтектеуді, білмеді ол, көлгірсуді.

    Бір «көсемді» бір ессіз тұлып қылды,
    Ал есікте қазандай құлып тұрды.
    Зор замананың қаймықпай қастығынан,
    Сол есікті Қаржекең жұлып кірді.

    Пай-пай сонда алдынан тас сөйледі,
    Тұлғасынан жұлынған бас сөйледі.
    Жыпырлаған жазуға толды күнсіп,
    Сарайының күн сіңген ақ көйлегі.

    Сол тастардан бойына қуат алды,
    Көз майымен суғарып құба талды,
    Күлтегінмен тілдесіп, Көк Түріктің,
    Жоғын тауып, уатып жылағанын,
    құлағанын тұрғызып жұбата алды.

    Көне үннің көмейін жарқыратқан,
    Ер жігітті қылады халқы мақтан,
    «Бересің», деп Автоном Байөлгейге,
    Қалқаны да Қаржекең қалтыратқан…

    Жараланған емдеген аң-құстарды,
    Күн ұзарды жадырап, таң қысқарды.
    Адам түгіл түсінген тас жүрегін,
    Қақың бар ғой, Қаржеке, қақың бар ғой,
    Ақың бар ғой, ала ғой, алғыстарды.
    Бақытбек Бәмішұлы
    Алматы, 2017.05.09.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

2024 жылдың айшықты оқиғалары

2024 жылы Қазақстанда көптеген маңызды оқиғалар болды. Осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен АЭС құрылысы талқыланып, су