Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы: Тренинг бізге не берді?

3132 рет қаралды
minber.kz

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбелік журналистерге арналған «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингі 27-28 маусым аралығында өтті. Өтінім берген барлық 32 БАҚ өкілдерінің 24-і іріктеп алынды. Аталған шараға Ақтөбе облысы, Мұғалжар, Хромтау, Ырғыз аудандарынан, Орал қаласынан арнайы келген журналистер қатысты.

minber.kz

Алғашқы күні қатысушылар  дата журналистика мен жасанды интеллект туралы теориямен танысты. Түске дейін ақпаратқа қол жеткізу, дата журналистика, ашық дата, жасанды интеллект тақырыптарын қамтып, түстен кейін осы және қосымша ИПДО бастамасы, дата визуализация тақырыптары бойынша практикаға кірісті.

Алғашқы күнді спикерлер журналистерге шағын үй тапсырмасын беріп, қорытындылады. 28 маусым 24 қатысушы үй жұмысын жасап, тренерлерден кері байланыс пен ұпай алды. Екінші күні тапсырмаларға арнайы ұпай берілді. Жиналған ұпай санына сай қатысушылар тренингтін жабылу салтанатында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының арнайы дайындаған бренд өнімін сыйға алды.

Екінші күнгі тренинг практикаға негізделді. Тренерлер 4 үстелге жайғасып, белгіленген уақыт аралығында әрбір топты жеке-жеке қабылдады. Тренер үстеліне кезек-кезек келіп, жоба аясындағы жұмыстарын талқылау тәсілі жеке сабақ есебінде, ақпаратты жақсы, әрі ұғынықты қабылдауға көмектесті.

minber.kz

Жеке практикалық сағат нәтижесінде кейбір қатысушылар, болашақ жобаларының тақырыбын, сұлбасын дайындап та үлгерді.

Айта кетейік, үздік деп танылған жұмыстар «Мінбердің» 15 жылдығы, ERG-дің 30 жылдығына орай өткізілетін «Дата журналистика және жасанды интеллект» фестиваліне жолдама алады және бағалы сыйлықтарға ие болады.

Сондықтан тренинг аяқталса да, Павлодар және Ақтөбе журналистері өз жобаларын жазып, тапсырып жатыр.

Екінші күнгі тренинг барысында шараға арнайы Ақтөбе облыс әкімінің баспасөз хатшысы  келіп, лебізін білдіріп, тренерлер мен ұйымдастырушыларға сыйлық табыстады.

minber.kz

Кешкісін тренерлер 27-28 маусым аралығында ұйымдастырылған «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингін қорытындылап, бренд өнімдер мен қатысу сертификаттарын үлестірді. Ақтөбедегі медиа тренинг «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының 15 жылдығына арналған мерекелік тортпен аяқталды.

Қатысушылардың екі күндік тренингтен алған әсерлерін ұсынамыз

minber.kz

Азамат Хамза, қатысушы:

— Оралдан арнайы “Мінбердің” тренингіне келіп, қатыстық. Тренингтегі ең қатты ұнағаны — датаны үйрендік, біріншіден, екіншіден сандарды сөйлету және сторителинг құрылымын қалай жаса керектігін айттық. Тренерлердің әлемдік кейстерді келтіргені ұнады. Соның ішінде: “Өлім әжетханалары” тақырыбы.

Арайлым Артурқызы, журналист-фрилансер:

— Бүгінгі екі күнде жоспарланған “Мінбер журналситерді қолдау орталығы” мен ERG-дің бірлесіп ұйымдастырған семинар тренингі өті қатты ұнады. Жалпы бұл жерде дата журналистикасы, дата негіздерінде қалай ақпарат жинау, жасау, сараптау, талдау секілді өте қызықты тақырып өтілді. Сонымен қатар жасанды интеллектің мүмкіндіктері, оны қалай ақпарат жазуда қолдана аламыз осы жайында егжей-тегжейлі, құнды білім мен дағдыларға ие болдық. Көп рақмет!

Әлішер Мажит:

— Жалпы журналистика саласына тікелей байланысым жоқ. Өзім журналист емеспін. Ақтөбе облысының азаматтық орталық заңды тұлғалар бірлестігінің президентімін. Ақпаратты көріп, қатысуды жөн көрдік. Шарадан ең бастысы жасанды интеллект және дата дерекпен қалай жұмыс істеу керек және оны қалай визуализациялап, халыққа, осал топтарға немесе мақсатты аудиторияға қалай жеткіземіз осы жағын білу мақсатымыз болды. Нәтижесінде біз мақсатымызға жеттік. Көп инструменттерді көрдік. Өзіміздің мүмкіндіктерімізді пайдаланып көрдік. Ең есте қалғаны, ұнағаны біз бұны бірінші күні теориялық жағынан танысақ, екінші күні пост шығарып, зерттеу жасадық. Болашақта бұндай шаралар жалпы азаматтық қоғам белсенділеріне үлкен құрал болады. Сондықтан бұндай шаралардың болғанын қалаймыз.

Арайлым Қасым, Kerek-info.kz газетінің журналисі:

— Тренинг өте продуктивті, танымдық сипатта болды. Қиыншылық — құжаттармен жұмыс істеу. Excelді көп адам түсінбейді деп ойлаймын. Көпшілік келісетін шығар. Практикалық процеске еніп, өзіміз жұмыс істей бастаған кезде, ол процесс біз ойлағандай оңай болмай шықты. Бірақ барлық нәрсені үйренуге болады.

minber.kz

Ақтөбедегі «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингі осындай жақсы нүктеде аяқталды. Енді Қостанай өңіріне кезек келіп жетті. Қостанай өңірінде шілде айының 27-28 күндері өтетін медиа тренингке жергілікті журналистерді шақырамыз. Тіркеу 15 шілдеге дейін жалғасады. Тезірек тіркеліп, келесі тренингтің қатысушысы бол!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар