18 шілдеде Лондонда Euromoney Awards for Excellence марапаттау рәсімі өтті. Halyk bank “Қазақстанның үздікбанкі” санатында жеңімпаз атанды.
Басылым сарапшыларының мәліметінше, Halyk нарықтағы жоғары өсу қарқынымен және ең жоғары тазатабысымен ғана емес, сонымен қатар өзінің банктік бизнесінің дамуымен де ерекшеленеді. Осының арқасында банк “елдегі үздік жетістіктері үшін” санатында жеңіске жетіп отыр.
“2023 жылдың желтоқсан айының соңына қарай банктің таза кірісі өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызғаөскен. Пайданың өсуі негізінен жалпы активтердің 7,6 пайызға өсуіне байланысты болды, несиелеу көлемі 18 пайызға өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Halyk қосымшасын белсенді пайдаланушылардың орташа айлық саны 46 пайызға өсті, ал төлемдер мен аударымдар көлемі 48 пайызға өсіп, 11,7 триллион теңгеге жетті”, -делінген басылымның хабарламасында.
“Екінші он жылдықта Euromoney беделді басылымынан марапаттарға ие болуымыз банк командасы үшін өтеқұнды. Қазіргі көрсеткіш біз үшін ерекше маңызды, өйткені ол қиын геосаяси жағдайларда банктің қызметіне жоғары баға береді. Біз өз ұстанымымызды сақтап қана қоймай, барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімді көрсетіп отырмыз. Біз – Қазақстанның банк секторының көшбасшысымыз. Әрине, бұл барлық бизнес-процестерді үнемі жетілдіруді және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша қарқынды жұмысты талап етеді. Сондықтан біздің күш-жігерімізді халықаралық қаржы қауымдастығы лайықты бағалағанына қуаныштымыз”, – дейді Halyk банк төрайымы Үміт Шаяхметова.
Айта кетейік, Euromoney Awards for Excellence 33 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдік қаржы саласындағы ең беделді марапаттардың бірі болып саналады.
Парақшамызға жазылыңыз